Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы ынтымақтастығының жай-күйі талқыланды
Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
24.06.2022 09:14
2248
ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Қорғаныс министрлері кеңесінің отырысы шеңберінде Мәскеуде Қазақстан қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен кездесті, – деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында жарияланды.
Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің әскери саладағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі талқыланды.
Кадрларды даярлау, жауынгерлік даярлықтың бірлескен іс-шараларын өткізу, әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша тыңғылықты диалог болды. Тараптар Орталық Азия өңіріндегі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге қатысты пікір алмасты.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада 100-ден астам көше жөнделеді
Келесі жаңалық
Бірлік фестивалі түрлі ұлт өкілдері балаларының басын қосты