Жаңалықтар

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

13 қазан күні Қазақстанның футбол құрамасы Чехия Республикасының құрамасымен кездесіп, 2-4 есебімен жеңіліп қалды.
14.10.2014 11:51 4258

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

13 қазан күні Қазақстанның футбол құрамасы Чехия Республикасының құрамасымен кездесіп, 2-4 есебімен жеңіліп қалды. Бұл нәтиже белсенді интернет-пайдаланушылар арасында екі жақты пікір тудырды. Біреулер бұл ойынды құраманың жетістігі десе, екіншілер жеңілістің аты жеңіліс деген, УЕФА-ға кіргенімізге 13 жыл болса да әлі жеңіліп келеміз деп баға беріп жатты. Біреудікі дұрыс, біреудікі бұрыс деп айту дәл осы жағдайда өте қиын, әр тараптың өз айтары бар, өз аргументтері бар. Бастысы белгілі бір пікір айту үшін ойынды көру қажет. Алайда ойынды тамашалаудың да өзіндік түрлері бар: біреулер теледидардан көреді, біреулер стадионға барып жан-тәнімен құрама жігіттеріне қолдау көрседі.

Ойынды телеарнадан көру бөлек, стадионнан көру бөлек. Әрине әрбір адамның стадионға келу мүмкіндігі жоқ, дегенмен стадиондағы эмоция мен драйв мүлдем бөлек. Осыған орай Ел.кз редакциясы стадиондағы ойын атмосферасы туралы арнайы фоторепортаж әзірледі. 

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

1. Футболшылардың естелікке суретке түсуі. 

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

2. Қазақстан жанкүйерлері.

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

3. Чехия құрамасының жанкүйерлері. 

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

4. Жалпы ойынның жанкүйерлері. 

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

5. Ойынға ұлттық құрамалардың жанкүйерлерінен бөлек жекелеген клубтар мен ойыншылардың фанаттары да келді. Мына суретте, Челси клубы мен  Чехия құрамасының қақпашысы Петер Чехтың фанаттары. Олар Чехтың Челси клубынан кетпеуін сұрауда. 

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

6. Ойында Түркияның «Трабзонспор» футбол клубының жанкүйерлері де болды. 

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

7. Әлемдік деңгейде танымал футбол жұлдызы Петер Чехтың допты тосып алу сәті.

Қазақстан мен Чехия: футболшыларды сөгеміз ба, қолдаймыз ба?

8. Қазақстан құрамасы тарапынан ерекше ойын көрсеткен Бауыржан Исламхан. Чехия құрамасының бас жаттықтырушысы Павел Врба ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында «Қазақстан құрамасынан кімді атап өтер едіңіз?» деген сұраққа «9 нөмірлі ойыншы» (Бауыржан Исламхан) деп айтты.  

P.S. Тақырыптағы сұрақтың талқылануын пікір қалдыру арқылы жалғастыруға болады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға