Қазақстан мен Қытай шекарасында жер сілкінді
Энергия класы 11.0 жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде орналасқан.
17.07.2022 01:25
3351
Қазақстан мен Қытай шекарасында сенбі күні сағат 17:30-да магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлады El.kz Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.
– Зайсан қаласы мен Күршім ауылында (Шығыс Қазақстан облысы) жер асты дүмпулері 2 баллға дейін сезілді, – делінген ақпаратта.
Энергия класы 11.0 жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 829 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр координаттары солтүстік ендік 47,27 градус, шығыс бойлық 85,74 градус.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Ақтауда теңізде толқын алып кеткен алты адам құтқарылды
Келесі жаңалық
Елордада кальян ұсынған мекемелерге айыппұл салынды