Жаңалықтар

Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа дизайндағы интернет-сайтының тұсаукесері өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, соның аясында Ассамблея интернет-сайтының жаңа дизайны көрсетілді.
28.11.2014 10:02 3774

Қазақстан халқы ассамблеясының жаңа дизайндағы интернет-сайтының тұсаукесері өтті

Әлемдік қауымдастықты Қазақстанды ұлтаралық бірлік пен тұрақтылықты сақтап отырғаны үшін жоғары бағалайды, себебі 130-дан астам ұлттың бір елде, бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруі көптеген ел  үшін таңғаларлық нәтиже. Мұндай нәтижеге қолжеткізуде Елбасы Н.Назарбаевтың инициативасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясының рөлі ерекше.

1992 жылы Қазақстан халықтарының алғашқы форумында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев  осы форумға тұрақтылық беру жайлы идеясын айтқан болатын. Осы бастаманың негізінде 1995 жылдың 1-наурызында Республиканың қоғамды-саяси аренасында ұлттық саясатты жүзеге асырушы жаңа институт – Қазақстан халқы ассамблеясы ашылды. Осы күннен бастап Ассамблея еліміздегі ұлтаралық тұтастықтың символына айналып, жыл сайын жаңа деңгейге өсіп, әртүрлі қадамдар арқылы институт ретінде күшейе берді. Сондай маңызды қадамдардың бірі бүгін жасалып отыр.

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықованың қатысуымен Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтіп, соның аясында Ассамблея интернет-сайтының жаңа дизайны көрсетілді.

«Қазконтент» АҚ әзірлеген жаңа интернет-сайт заманауи дизайнмен рәсімделіп, Қазақстан халқы ассамблеясының тіршілігін қоғамға мейлінше ашық көрсететіндей етіп жасалған. Сайттан Ассамблея аясында қабылданған нормативтік-құқықтық актілерден бастап, өңірлік этномәдени бірлестіктер жайлы толық ақпаратты алуға болады.

Айта кетерлік жайт, Ассамблеяның бүгінгі жиыны мен жаңа дизайндағы сайттың көрсетілуі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылды. 


Дәурен Омаров

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға