Жаңалықтар

Қазақстан халқы қартайып барады

Қазақстанда қартаю индексі артып келеді.
Қазақстан халқы қартайып барады
Фото: novostipmr.com 22.06.2022 17:51 2137

2021 жылы Қазақстан Республикасының өңірлерінде халықтың қартаю индексі 26,6 құрады. Бұл дегеніміз 0 жастан 15 жасқа дейінгі әрбір 100 балаға елімізде 65 жастан асқан 26,6 азаматтан келеді, деп хабарлайды El.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 25,9 (2017 ж.) деңгейінде болған. Ауылды елдімекендермен салыстырғанда Қазақстанның қалалық жерлеріндегі қартаю көрсеткіштері жоғары – 28,7. 2019-2020 жылдардағы қалалық индекс 29,1 деңгейінде бағаланған болатын. Өңірлер арасында ең жоғары индекс көрсеткіші СҚО-да – 66,5. 

Ең жас қала Шымкент болып шықты, онда 100 балаға шаққанда 65 жастан асқан 14,3 адамнан келеді. Елорда халқы да салыстырмалы түрде жас, Нұр-Сұлтан индексі 17,3 құрады. Ауыл тұрғындары арасындағы қартаю индексі қалалық көрсеткіштен 4,9 пунктке (23,9) аз. Бес жыл ішіндегі көрсеткіш айтарлықтай өзгерген жоқ, 2017 жылы 100 балаға 22,4 қарттан келген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға