Жаңалықтар

Қазақстан фосфор мен азот тыңайтқыштарын өзі өндіретін болады

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды
Қазақстан фосфор мен азот тыңайтқыштарын өзі өндіретін болады
Фото: baq.kz 15.07.2022 15:46 4210

Қазақстан 2026 жылға қарай фосфор мен азот тыңайтқыштарын толық өзі өндіретін болады. Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Бүгінде фосфорит кен орындары бойынша «Қазфосфат», «ЕвроХим-Тыңайтқыштар» және «Созақ фосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жұмыс істеп жатыр. Өндірудің жиынтық көлемі 4 млн тонна болмақ. Калий тыңайтқыштары бойынша 4 кен орны бар, олардың үшеуі Батыс Қазақстан облысында және біреуі Ақтөбе облысында. Біз биылдан бастап 2026 жылға қарай ішкі нарықтың фосфор және азот тыңайтқыштарына қажеттілігін толығымен өтейтін жобаларды бастаймыз»,- деді министр.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға