Қазақстан елшілігі Ресейде оқитын студенттерге үндеу жасады
Ресейге кірген кезде көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек.
16.07.2022 22:23
3344
Ресейде оқитын қазақстандық студенттер Ресейге кірген кезде көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек, деп хабарлады El.kz елшіліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
– Ресейге кірген кезде күндізгі және кешкі бөлімде оқитын студенттер көші-қон картасын толтырып, келу мақсатын "оқу" деп көрсетуі керек. Келу мақсатының басқа түрлерін көрсету Ресей Федерациясының көші-қон заңнамасын бұзу болып табылады, – делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, студенттер келген күннен бастап 90 күн ішінде белгіленген медициналық ұйымдарда медициналық тексеруден өтуге тиіс.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Елордада көпқабатты ғимараттан шыққан өрт сөндірілді
Келесі жаңалық
Ақтөбе облысындағы ауданда мектеп пен балабақша жөнделді