Жаңалықтар

Қазақстан бюджеттің ашықтық индексі бойынша 63 баллға ие

Қазақстан бюджеттің ашықтық индексі бойынша 63 баллға ие
31.05.2022 15:47 1899

Бүгін елордада «Қазақстанның ашық бюджеті: Жаңа нәтижелер» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.

Қаржы министрлігі Қоғамдық кеңестің қолдауымен өткен жиынға Қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов, Халықаралық бюджеттік серіктестіктің зерттеушісі Жанар Жандосова, Қоғамдық кеңес төрағасы Рустам Жүрсінов және т.б. қатысты.

– Азаматтық бюджет – азаматтардың бюджет процесіне қатысуының шарты, сондықтан бюджеттің ашықтық индексі Үкімет жұмысының стратегиялық индикаторларының бірі болып табылатынын хабарлады. Қаржы министрлігі қажетті ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастыру және орналастырылатын ақпаратты жүйелендіруді жақсарту бойынша жұмыс жүргізуде. Алдағы жылдары қаржы министрлігі қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы Ашық бюджет индексін жақсартуды көздеп отыр, - деді Қаржы вице-министрі Данияр Жаналинов.

 Тағы айта кетейік, Қазақстан Халықаралық бюджеттік серіктестік (IBP) есептейтін бюджеттің ашықтығы индексінде 100 ұпайдан 63 ұпай жинап отыр.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға