Жаңалықтар

Қазақстан бағдаршамдарды экспорттай бастады

Қазақстанда өндірілген бағдаршамдар экспортқа шығарылмақ
07.09.2015 11:56 3483

Заманауи, технологиялық бағдаршамдарды өндірумен айналысатын «Светоком» ЖШС-і Қырғызстан ІІМ-мен алғашқы 48 бағдаршамды әкелуге қол қойды. Ол туралы «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазіргі уақытта елде орнатылған 80%-ы бұл – «Светоком» ЖШС-нің өндірген бағдаршамдары. Компанияның әлеуеті үлкен. KAZNEX INVEST осы жылдың маусым айынан бері «Светоком» компаниясын алға жылжытып келеді. Осылайша 2 ай бұрын біз Қырғызстандағы сауда миссиясы аясында отандық бағдаршамдарды таныстырдық және нәтижесі көп күттірмеді. Біздің қолдауымыз бойынша осы жылы компания Өзбекстандағы көрмеге қатысады және оның өнімі Омск және Новосібір қаласында да таныстырылады», - деді «KAZNEX INVEST» АҚ бас директоры Асқар Арынов.

Қазақстан бағдаршамдарды экспорттай бастады

«Светоком» компаниясы өкілдері атап өткендей, олардың өнімін экспорттау - кәсіпорынның дамуы үшін жоғары деңгейінің басы және бүгінгі күні мемлекеттің қолдауымен оны да бастан өткерді. Қазан айында «Светоком»  компаниясы «Жол-құрылыс және коммуналды техника – UzComak 2015» 7-ші Өзбекстандық халықаралық көрмесіне қатысады. Компанияның ары қарайғы жоспарында Тәжікстан мен Ресейдің нарықтарына шығу бар.


Әзірлеген Тұмар АСЫЛ

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға