Жаңалықтар

Қазақстан аймақтарындағы аптап ыстыққа байланысты пойыздардың жылдамдығына шектеу қойылды

Локомотив бригадаларына аптап ыстық кезінде пойыздарды ерекше тәртіпте ұстау тапсырылды
Қазақстан аймақтарындағы аптап ыстыққа байланысты пойыздардың жылдамдығына шектеу қойылды
Фото: khabar.kz 30.06.2022 13:00 1324

Қазақстан аймақтарындағы аптап ыстыққа байланысты пойыздардың жылдамдығына шектеу қойылды,– деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі уақытта солтүстік және шығыс облыстарда ауа температурасы +40°С, оңтүстік және батыс облыстарда +45°С дейін көтерілді. Яғни, сыртқы температура +40°С - 45°С болған кезінде рельстер + 58°С - 62°С дейін қызады.

Сондықтан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында пойыздар қозғалысының жылдамдығына шектеулер қойып отыр. Осыған байланысты пойыздар діттеген жеріне кешеуілдеп жетеді. Компания келтірілген қолайсыздықтарға жолаушылардың түсіністікпен қарауын сұрайды.

Қолайсыз ауа-райы пойыз машинисінің жұмысын да айтарлықтай қиындататыны бар. Локомотив бригадаларына аптап ыстық кезінде пойыздарды ерекше тәртіпте ұстау тапсырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға