Жаңалықтар

Қазақстан тиімді және заманауи саяси модельге көшуде

Бұл еліміздегі саяси өзгерістердің заңды жалғасы.
Қазақстан тиімді және заманауи саяси модельге көшуде
Фото: parlam.kz 16.09.2022 15:44 1630

Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова бүгін өте маңызды, тарихи деуге болатын шешімдер қаралып, қабылданғанын айтты, деп хабарлайды El.kz.

Мәжіліс депутаты халық қалаулылары бұл ұсыныстарды қолдап, дауыс бергендігін жеткізді.

«Бұл шешім Президентіміз айтқан «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдаманың жүзеге асып жатқанының айқын көрінісі. Біздің негізгі міндет - халықтың ой-пікірімен санасу, елеп-ескеру. Біз осы уақытқа дейін халық арасына шығып, шалғай өңірлерге барып елдегі жағдайлардың, проблемалар мен тұрғындардың талап-тілегін өте жақсы білеміз деп нақты айта аламыз. Ал Жаңа Қазақстанға аяқ басқан кезде, біз ел тұрғындарының көп бөлігі елорданың Астана аталуын қолдайтынын көрдік. Пікір ескерілді. Нәтижені көріп отырсыздар», - дейді Мәжіліс депутаты.

Ал президенттік мерзімді сайлау жүйесін енгізуді жаңа демократиялық модельге көшуге бағытталған саяси реформалардың бөлігі ретінде қарастырған жөн екендігін атап өтті.

«Бұл еліміздегі саяси өзгерістердің заңды жалғасы. Осы арқылы Президенттің билігі шектеліп, Парламенттің өкілеттілігі артады. Конституциялық сот институты қайта жасақталып, партияларды тіркеу тәртібі жеңілдемек», - деді.

Сондай-ақ депутат бұл жағдай әлем елдерінде бар тәжірибе екендігін айтты.

«Сондықтан оған тіксіне қараудың қажеті жоқ. Жаңа қадамдар мемлекетіміздің демократиялық сипатын жақсартатын нақты шешім деуге әбден болады», - дейді депутат.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға