Жаңалықтар

Қазақстан мен Литва арасындағы этносаралық байланыс нығая түсуде

Қазақстан мен Литва арасындағы этносаралық байланыс нығая түсуде
17.10.2018 06:14 1814

Қарағандыға жұмыс сапарымен «Сібір Миссиясы» жобасы аясында Литва делегациясы келді.

 «Сібір Миссиясы» жобасы  Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен Қазақстан мен Литва елдерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайту және жер аударылған литвалық азаматтардың зираттарын жөнге келтіру, шет елдерде тұратын литвалықтармен кездесулерді өткізуге бағытталған.

Литва Республикасының шетел істері жөніндегі вице-министрі Дарюс Скусявичюс бастап келген делегация мүшелері Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен кездесіп, екі ел арасындағы әріптестік үшін, ағымдағы жылдың шілде айында аталмыш экспедицияның жас мүшелері облысымызға келіп, естелік белгілерін қойғанда қолдау көрсеткендігі үшін ризашылықтарын білдірді.

Ол кезде экспедиция  мүшелері Қазақстанға жер аударылған литвалықтардың Жезқазған, Сәтпаев, Балқаш, Шахтинск, Саран қалалары мен Абай ауданында орналасқан зираттарының басына барып, естелік белгілерін қалыпқа келтіріп және зираттардың аумағын абаттандырған болатын.  

 Сондай ақ, Долинка кентіндегі Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу мұражайында, Спасск мемориалды кешенінде, «Мамочкино» зиратында және Қарағанды облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Достық үйінде болды.

Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын қонақтарды осында орналасқан этномәдени орталықтардың жұмысымен, «Шабыт» көрме залымен, музей жұмысымен таныстырды.

Литвалық қонақтар экскурсия мен жылы құшақ үшін алғыстарын білдіріп, Достық үйі шын мінінде әр этностың мәдениетін, салтын, тілін сақтай отырып,  бейбітшілік пен келісімді құрметтеуге бағытталған орын екенін атап кетті. 

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға