Жаңалықтар

Қазақстан – корейдің сирек қолжазбалары сақталған әлемдегі үш мемлекеттің бірі

Қазақстан – корейдің сирек қолжазбалары сақталған әлемдегі үш мемлекеттің бірі
22.10.2018 12:52 1867

Жоғарыдағы аты аталған корей халқының ескі (вэньян тіліндегі) қолжазбалық энциклопедиясы дүниежүзі бойынша үш мемлекетте ғана сақталған. Сол мемлекеттің бірі — Қазақстан, Алматы қаласындағы ҚР кітапханасының сирек қоры.

ҚР Ұлттық кітапхана қорындағы айрықша құндылықтардың қатарында көне вэньян тілінде жазылған корей кітаптары да бар. Әлемнің не бары үш мемлекетінде ғана сақталған тың жәдігер жайлы ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Құттықыз Қасымбекова мәлімдейді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы әлемдегі ірілерінің бірі. Ол әлемнің көптеген кітапханаларымен мәдени байланыста. ҚР Ұлттық кітапханасының сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімінің құрылуы «ақтаңдақ беттермен», яғни, 1938 жылмен сәйкес келеді. Бөлім ашылғанда қорда не бары екі мыңға жуық құжат болатын. Жыл өткен сайын сирек қор кітапхана ережесіне сәйкес әртүрлі жолдармен кітаптар, мерзімді басылымдар, микрофильмдер, микрофишалар, карталар және тағы басқа құнды құжаттармен толыға түсті. Жиналған қор хронология бойынша ХІІ-ХХ ғасырды қамтиды. Мазмұны жағынан білімнің барлық саласын қамтиды. Қордағы кітаптардың жазылу мәнері, әдістері де әр алуан: қисса, хамса, хикмет, шежіре, дастаннама, хат, диалог, естелік, рисала, аңыз-әңгіме, т.б. бар.

Қазақстан Ресей Империясы құрамында болған кезінде қазақ жерінде жүргізілген аумақтық-әкімшілік реформалар нәтижесінде халықтың құрамында елеулі этностық өзгерістер орын алды. Дараэтностық құрылым көпэтностық сипат алды. Соның нәтижесінде қазақ халқы көп ұлтты мемлекетке айналды. Бүгінгі таңда елімізде 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тұрады. Әрқайсысының өзіндік қайталанба      йтын рухани және материалдық мәдениеті, өз тарихы, салт-дәстүрі мен әдет ғұрыптары бар. Осы халықтардың қазақ жеріне келуінің ең басты себебі — мәжбүрлі қоныс аударылуы. Күштеп қоныс аударуға ұшыраған халықтардың ең алғашқысы — корей ұлты.

КСРО-ның Халық Комиссарлары Кеңесі мен Компартия орталық комитетінің 1937 жылғы 21 тамызындағы «Қиыр шығыс өлкесінің шекаралық аудандарынан корей тұрғындарын көшіру туралы» жарлығы шықты. Жарлықта корейлерді қоныс аудару Қиыр Шығыс мемлекеттік Қауіпсіздік комиссиясына тапсырылады. Онда Посьет, Молотов, Ханкой, Хоральч, Черников, Спасс, Шмаковский, Каменинский және өзге де аудандардағы корейлерді Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне көшіру 1938 жылдың 1 қаңтарына дейін аяқталсын деген шешім болған. Кеңестік империя корейлерді жалған жала жабумен ешбір сотсыз-тергеусіз «жапон тыңшылары» деп айыптады.

ТОЛЫҒЫРАҚ ОСЫНДА

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға