Жаңалықтар

Қазақстан Халық партиясы да Тоқаевтың кандидатурасын қолдады

Соңғы жарты жылда үлкен істер мен қиын кезеңдерде халықпен бірге болғандығы айтылды.
Қазақстан Халық партиясы да Тоқаевтың кандидатурасын қолдады
Фото: baigenews.kz 06.10.2022 11:28 2356

Бүгін Қазақстан Халық партиясының кезектен тыс XXI съезі өтті деп, хабарлайды El.kz. 

Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Алдымен Қазақстан Халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев сөз алып, Қазақстанның әлем нарығындағы беделі мен жетістіктерін атап өтті. 

«Президенттің сындарлы саясатының арқасында көптеген елдермен қарым-қатынас құрды.Әлем инфляциямен бетпе-бет тұр. Айналамызда болып жатқан қақтығыстардың әсері экономикаға да әсер етуде. Бұдан бөлек, қаңтар оқиғасын да мысал ретінде келтіруге болады. Бұл жағдайларда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дұрыс шешім қабылдап, қауіп-қатердің алдын сақтап қалды. Біздің партия кезектен тыс президент сайлауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайды. Біз 30 жыл бойы тұрақтылықпен жүрдік. Бірақ жемқорлық та болды. Осыған тоқтау қою арқылы, бірқатар жемқорлықтың бетінің ашылуына ықпал етті», - деді партия төрағасы. 

Съезд барысында партия мүшелері сөз сөйлеп, елдегі болып жатқан өзгерістер мен Мемлекет басшысының Жаңа Қазақстан құрудағы реформаларына қолдау білдіретіндіктерін жеткізді. 

Сондай-ақ соңғы жарты жылда үлкен істер мен қиын кезеңдерде халықпен бірге болғандығын айтты. 

«ҚХП Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытын қодайтын және ел азамттарының игілігі үшін жүмыс істейтін, ең үлкен саяси күш болып табылады. Біздің партия мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын, заңдылық тұрғыда қамтамасыз етуді, сонымен қатар Қазақстан азаматтарының құғығы мен бостандығын қорғауды мақсат тұтады. Бүгінде партия азаматтық-қоғамды қалыптастырудың барлық бағыттары мен сындарлы іс –қмылын жүргізіп отырған үлкен күшке айналды. Және бұған өлшеусіз үлес қосып келеді. ҚХП мемлекетіміздің даму жолында мыңдаған мүдделі жандар мен кәсіби білікті және белсенді азаматтарды біріктіріп отыр», - деді ҚХП Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Роза Махамбетова. 

Жастардың тағдыры ұлт тағдырмен үйлесіп жатыр деген ҚХП төрағасының кеңесшісі Қайнар Жұмағожа жастар тарапынан жұмыла жұмыс істеуге дайын екендігін жеткізді. 

«Айналамыздың бәрінде алауыздық. Ресей мен Украина арасындағы қарулы қақтығыстар, Армения мен Әзірбайжан, Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасындағы дүрбелеңдер әлем елдерін алаңдатып отыр. Тұрақсыздық белдеуі көз ілеспес жылдамдықпен жүйіткіп келеді. Қазір отандастармыздың қауіпсіздігі елдегі экономикалық, әлеуметтік ахуал ерекше назарға алынды. Мұны жете түсінген партиямыз бірінші болып, ел басқауға қазіргі президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды», - деді ол. 

Сондай-ақ спикер Президенттің ұлт жанашыры, халық үнін тыңдай білетін сұңғыла саясаткер екендігін тілге тиек етті. 

«Таққа отырған сәттен бастап ел ісіне білек сыбана кірісті. Елдің іргетасын Ата Заңға енгізген өзгерістер арқылы қалады. ҚХП бастамашыл болған жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі деген талапты конституцияға енгізді. Біз жастар әділетті қоғамда берекелі ғұмыр кешуді қалаймыз. Адамдар әділетке қызмет ететін күн туады деп сенеміз. Осы мақсат жолында біз Мемлекет басшысын қолдаймыз», - деді ҚХП төрағасының кеңесшісі Қайнар Жұмағожа.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға