Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТУДЕ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТУДЕ
21.03.2019 08:35 2626

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мен Мемлекет басшысы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысты.       

Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументінің алдында орналасқан этноауылға барды. Этноауыл аумағында театрландырылған көріністер, ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, қолөнершілер көрмесі және ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін шаралар ұйымдастырылды.

      

Елбасы мен Қазақстан Президенті елорда қонақтарын және тұрғындарын, сондай-ақ барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтап, бақ-береке тіледі. Шаңырақ көтерген елордалық жастарға Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

Мерекелік шара барысында 9 жұп үйлену тойын атап өтіп жатыр. Елбасы некелерін қиған жас отбасыларды есте қаларлық осы маңызды күндерімен құттықтап, жастарға бақытты ұзақ өмір тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі тыныштықтың сақталуын, әрбір отбасының өсіп, өркендеуін, сондай-ақ  жастардың патриоттық рухта тарбиеленуін тілек етті.

Сонымен қатар, Бейбітшілік пен Келісім Сарайы алдындағы «Мәңгілік Ел» алаңында әр ұлт өкілдерінің күшімен тұрғызылған киіз үйлері бар этноауыл бар сән-салтанатымен қонақтарды қарсы алып, этномәдени бірлестіктері көктемнің келуін қарсы алып, той-думандатып атап өтті.

Ал ҚХА  «Жаңғыру жолы»  республикалық жастар қозғалысы Тұңғыш Президентке бейбітшілік пен келісмнің сарабдал саясаты үшін алғысын білдірді.

Қозғалыс белсенділері көктем, жастық және Қазақстанды мекендеген этностардың бірлігін айқындайтын флешмобын шебер түрде дайындады.  Осылайша акцияға қатысушылар өз өмірін халқына қызмет етуге арнаған Ұлт көшбасшысына қолдау білдірді.                

Асталық Этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдері бұл флешмобты «Елбасымен бірге» деп атады. Ағымдағы жылдың 19-шы наурызында Нұрсұлтан Назарбаев жастарға үндеуінде: «Халқымыздың достығы мен бірлігін, еліміздің әр азаматының салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрмет пен өзара сенімді сақтай біліңіздер» деген еді. 

Маңызды саясы өзгерістер Шығыс халықтарының ежелгі мерекесі, табиғаттың жаңаруын, жақсы бастамалар мен болашаққа сенімді күшейтетін Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келді.

Флешмоб Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйі алаңында өтті. Түрлі түсті ұлттық киімдер киген қыз-жігіттер  Бүркіттің «Мекенім Қазақстан» әні бойынша республикада тұрып жатқан көптеген этностардың бірлігін әсерлі бейнеледі.

Акция бастамашылдары бәрі бір дауысан «Қазақстан – достық мекені, біз Елбасымен біргеміз» деп іс-шараға қатысқан қоғам мен қалала өкілдерінің жүрегіне жол таба білді. 

«Жаңғыру  жолы»  РЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Жұмырбаев атап өткендей, жастар қозғалысы бұнымен бірге әлеуметтік желілерде #ассамблеяжастарыелбасыменбiрге#  хештегімен челленджін жіберіп өз бастамашылдықтарын танытты.    

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға