Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТАИЛАНД КОРОЛЬДІГІ ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ АРНАЙЫ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ТАИЛАНД КОРОЛЬДІГІ ҰЛТТЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ АРНАЙЫ МАРАПАТЫНА ИЕ БОЛДЫ
27.11.2018 07:00 1733

 

Қазақстан халқы Ассамблеясына ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға қосқан елеулі үлесін мойындау белгісі ретінде Таиланд Корольдігі Ұлттық құрылыс институтының (Nation Building Institute) арнайы марапатын тапсырды.

Бұдан бұрын Астанада ҚХА төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко бастаған Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің Астанада Nation Building Institute төрағасы, Гарвард университетінің аға ғылыми қызметкері Криенгсак Чареонвонгсак бастаған Таиланд делегациясымен кездесу өткен болатын. Кездесуде қос тарап мәдениет және білім салаларында ынтымақтастық туралы ұсыныстарды талқылады.  

Nation Building Institute – Таиландтағы коммерциялық емес ұйым. Институттың міндеттеріне жоғары буын басшыларын мемлекеттік, жеке және азаматтық сектордағы басқарудағы рөлін арттыру біліктілігін даярлау жатады. Бұл Таиландтың нығаюы мен дамуына әсер ететін әдістерді қолдана отырып, олардың алға жылжуына ықпалын тигізеді.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға