Жаңалықтар

Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздік күнімен құттықтайды

Қазақстан халқы Ассамблеясы Тәуелсіздік күнімен құттықтайды
16.12.2018 09:10 2826

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді халқымыздың ұлы мерекесі – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!   

Бұл – азаматтық келісім мен ұлттық бірлесудің, елдің бүгіні мен ертеңі үшін ортақ жауапкершіліктің мерекесі. 

Біз, Түркі әлемінің отаны – қазақ жерінде тұғырлы ту тігіп, тәуелсіз мемлекет құрған елміз. Біз, өзіміздің бай тарихымыз бен рухани дәстүрлерімізді мақтан етеміз. Біз, әлемді дүбірлеткен жылқыны қолға үйреткен,   жазба ескерткіштері мен мифтік аңыз-әңгімелерге бай,  өнер мен металлургияның жаңа нысандарын сыйға тартқан  Ұлы даланың қара шаңырағының иесіміз. 

Тәуелсіздіктің әр жылы –   еліміздің адымдап дамуының жаңа сатысы. 

Өтіп бара жатқан жыл бірліктің әлеуметтік негіздерін нығайту жылы болды. Президенттің бес әлеуметтік бастамасы мен Қазақстан халқына Жолдауы қоғамды әлеуметтік жаңғыртуға және барша қазақстандықтың өмір сапасын арттыруға қосымша серпін берді.   

2018 жыл – біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміздің символы Астананың  20 жылдығын бүкіл халық болып салтанатпен атап өту жылы болды.  

Құрметті қазақстандықтар!

Қазақстанның басты тірегі – біздің жасампаз еңбегіміз, бірлік пен келісім. Біз күш-жігерімізді біріктіргенде ғана кез келген міндеттерді орындай аламыз.  Мұны ел Тәуелсіздігінің тарихы дәлелдеп берді.   

Біз әрбір отбасына бақыт, денсаулық, мол игілік пен берекелі бірлік тілейміз. Әрдайым  үйлеріңізде жарасымды ауызбіршілік  пен келелі келісім орнықсын! 

Ұлы даламызға құт қонып, Қазақстанымыз өркендей берсін!

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға