Жаңалықтар

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті
20.09.2019 09:20 3657

Қазақстанда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шараның жүзеге асырылуына Павлодар облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Аналар кеңесі ұйытқы болды.

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті

«Мұндағы басты мақсат - рухани отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жас отбасыларды сан ғасырлық салт-дәстүрлерді аялауға баулу және бесік жырының бала тәрбиесіндегі маңыздылығын айшықтау. Біздің аймақта барлығы 24 этномәдени орталық бар. Бүгінгі шарада қалалар мен аудандардан еврей, грек, славян және басқа да орталықтар бесік жырын орындауда. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп халық даналығында бекер айтылмаса керек. Баланың тәрбиесі бесіктен басталады. Сондықтан жас аналарға бесік жырларын үйрету мақсатында перзентханаларға баруды жоспарлап отырмыз», – дейді «Нұр-Ана әлемі» ҚБ-нің төрайымы Бақытжамал Максилова.

Қоғамдық бірлестік төрайымы келесі жылы бұл фестиваль байқау ретінде ұйымдастырылатынын айтады.

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті

«Сондай-ақ, үйде бала тәрбиесімен отырған аналарды қолдау мақсатында «Ұлы даланың өрнектері» деп аталатын көрмеге жергілікті қолөнершілердің дайындаған жұмыстары қойылды. Ол жерде ұлттық нақыштағы құрақ-көрпелер мен зергерлік бұйымдар көрермендер назарына ұсынылды. 

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті

Жас қолөнершілердің жұмысын әрі қарай дамытып, саудасын жүргізуге көмектесу үшін мәслихаттың депуттары да келді және олармен бірге әртүрлі жобаларды жүзеге асыру жолдары талқыланды. 

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті

Алдағы уақытта жастарға көмек ретінде қаланың орталық ойын-сауық орталықтарының біріне орын алып беру қарастырылуда. Бұл жастар үшін үлкен қолдау болары сөзсіз, дейді шараны ұйымдастырушылар. 

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті

Фестиваль ақын Қабдікәрім Ыдырысовтың бесік жырының бар мән-мағынасын кеңінен айшықтайтын өлеңімен ашылды. Бұдан кейін өңірдегі этномәдени бірлестіктер 12 тілде әртүрлі этнос өкілдерінің ұлттық бесік жырларын орындады.

Қазақстандағы ең алғашқы «Бесік жыры» фестивалі Павлодарда өтті

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға