Жаңалықтар

Қазақстан адам өлімінің көрсеткіші бойынша 85-орында тұр

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 69,2 мың адам қайтыс болған
Қазақстан адам өлімінің көрсеткіші бойынша 85-орында тұр
Фото: 24.kz 17.08.2022 17:22 1232

Қазақстан адам өлімінің көрсеткіші 9,6% азайған, деп хабарлайды El.kz Ranking.kz ресурсына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қазақстан 2022 жылы өлім-жітім деңгейінің рейтингінде 225 елдің ішінен 85-орынға тұрақтады. Бұл шама 1 000 адамға шаққандағы өлім көрсеткіші бойынша түзілген. Қазақстан коэффиценті 8,11 болып тіркелді. Тізімнің ең басында Сербия, Румыния, Литва тұрса, ең аз көрсеткіш Катарға тиесілі», - делінген сараптамада.

Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 69,2 мың адам қайтыс болған. Бұл – былтырғы мөлшерден 9,6% аз. Ресми дерек бойынша, елдегі өлім-жітімнің ең жиі кездесетін себебі – қан айналым жүйесінің аурулары, бұл дерттен 15,6 мың адам көз жұмған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға