Қазақстанға апта сайын 11 мың шетелдік турист келеді
Биыл ұлттық парктерге 2 млн-ға жуық адам барады деген болжам бар
Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді, деп хабарлайды El.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
550 мың адам Щучинск-Бурабай курорт аймағына барды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп. Жазғы маусым аясында 240 мыңға жуық адам «Шымбұлаққа» барды, бұл былтырғы жазғы маусымға қарағанда 90 мыңға артық.
2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша: Орналасу нысандарына жайғасқан ішкі туристер саны 21,5% артып, 1,13 млн адамды құрады. Орналасу нысандары 26,3 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 25,7% - ға артық;
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66 - орынды иеленді (2019 жылы-140 елдің ішінде 80-орын). Еліміз «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» ( 1-орын), «Туризмнің маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны» (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары баға алды.
2021 жылы Қазақстанда ішкі туристер саны рекордтық деңгейге жетті: тіркелген адамдар саны шамамен 7 млн.
