Қазақстанға Түрікменстан президенті келді
С. Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады
Фото: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі
Фото: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Баспасөз Қызметі
14.10.2022 10:51
1616
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астана әуежайында Қазақстанға алғашқы мемлекеттік сапармен келген Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті қарсы алды, деп хабарлайды El.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Сапар барысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан басшысы Сердар Бердімұхамедов өзара іс-қимыл мәселелерінің кең ауқымын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.
Сонымен қатар С. Бердімұхамедов ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
5 наурызда киножобалар конкурсы басталады