Жаңалықтар

Қазақ тілді ақпараттық порталдарды көбейтуіміз керек – Думан Бықай

Редактор ақпараттық нарықта барлығы жаңалықты тек сайттар мен парақшалардан оқитындығын айтты
Қазақ тілді ақпараттық порталдарды көбейтуіміз керек – Думан Бықай
24.06.2022 14:10 3559

Жыл басында Қасым-Жомарт Тоқаев бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қайта қарау керектігін айтты. Осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарының заң жобасын қайта қарастыруға арнайы жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының мүшесі "Қала мен Дала" газетінің бас редакторы Думан Бықай заң жобасы әлі де талқыланып жатқанын айтты, – деп хабарлайды El.kz.

– Бұл мәселе біраздан бері талқыланып келеді. Бірақ, әлі күнге дейін нақты шешімге келе алмай жатырмыз. Себебі, бұл бастаманы қолдайтын топ та, наразы топ та бар. Өз басым қазақ тілді аудиторияға көбірек көңіл бөлуді қолдар едім. Қазіргі қоғамда қазақ тіліміздің даңқын көтеру үшін қазақ тілді ақпараттық порталдарды көбейтуіміз керек,– деді Думан Бықай.

Жұмыс тобының мүшесі елімізде өте белсенді жұмыс істейтін пабликтер бар екендігін айтты.

– Олардың аудиториясы үлкен, миллионға жуық оқырмандары бар. Арнайы тапсырыс берушілерге жұмысымызды таныстырып, пабликтердегі өнімімізді көрсеткіміз келгенде парақшаның заңды өкілі екенімізді дәлелдейтін заңды құжаттарымызды да ұсына алмаймыз. Бұл шығармашылық жұмыста үлкен қолбайлау болады.  Сондықтан әлеуметтік парақшаларды да назарда ұстау керек деп санаймын. Сонымен қатар, блогерлерлікті асыра пайдаланатын жандарға да арнайы заң қарастырылуы мүмкін. Газеттің де дәурені өтіп жатыр. Ақпараттық нарықта барлығы жаңалықты тек сайттар мен парақшалардан оқиды. Сол себепті бізде өзіміздің парақшаларымызды заңды тұрғыда тіркеткіміз келеді, – деді Д.Бықай.

Ол өзінің әлеуметтік желіде белсенді екендігін мәлімдеп, бірнеше парақшалар мен пабликтерді жүргізетіндігін айтты.
– Сондықтан әлеуметтік парақшаларды да назарда ұстау керек деп санаймын. Сонымен қатар, блогерлерлікті асыра пайдаланатын жандарға да арнайы заң қарастырылуы мүмкін. Газеттің де дәурені өтіп жатыр. Ақпараттық нарықта барлығы жаңалықты тек сайттар мен парақшалардан оқиды. Сол себепті бізде өзіміздің парақшаларымызды заңды тұрғыда тіркеткіміз келеді, – деді Думан Бықай.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға