Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Рамадан руы
Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.
Рамадан руы.
Рамадан тайпасының ұраны – Дулат.
Рамадан — (араб.: رمضان — рамадан, ислам күнтізбесінің 9-шы айы) Кіші жүздің Жетіру бірлестігіне кіреді. Осы руданқ азақтың ертегілеріндегі кейіпкер Алдар Көсе шыққан.
Ерте кезеңдегі Рамадан руы туралы біздің қолымызда тарихи дерек жоқ. Ол туралы алғаш рет Кіші жүз руларының 1748 жылы А. Тевкелев жасаған тізімінде айтылады. Содан соң ол А. Левшиннің деректері мен басқа да материалдарда кездеседі. Жорамалдау тұрғысынан болса да туыстық байланыстарды, демек, ішінара рудың шығу тегі мәселесін де анықтауға мүмкіндік беретін бірденбір нәрсе таңба мен ұран болып табылады. Рамадан руының таңбасы (Гродеков пен Тынышбаев бойынша), ұраны «Дулат». Бұл таңбаны қарау бізді Ұлы жүзге әкеледі, онда дулат және албантайпаларының кейбір руларындағы таңба Рамадан руының таңбасымен өте ұқсас. Оның үстіне Рамадан руы ұранының Дулат аталуы да дулаттардың немесе оларға туыс албандардың әлдебір бөлігі бөлініп, қазіргі Қазақстанның батысына барған да, содан соң Кіші жүздің құрамына дербес ру ретінде кірген, сөйтіп өз атабабаларының таңбасын, ұран ретінде Дулат атын сақтап қалған болуы мүмкін деген жорамал болуы ықтимал және мұның бірліжарым жағдай емес екенін Кіші жүздің басқа бір өте ірі руы Табын руының құрылу тарихы растайды.
Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар.
Дизайнер: Арман Қалибекұлы