Жаңалықтар

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Қоңырат руы

Қоңырат – Орта жүз құрамындағы тайпа.
29.12.2015 12:01 19577

Қазақ филологиясының көрнекті қайраткері, қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі, белгілі түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Сәрсен Аманжоловтың «Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мәселелері» атты кітабының негізінде El.kz редакциясы Қазақ руларының атауын, ұранын және таңбасын бірыңғай стильде бір суретке салып өз оқырмандарына ұсынады.

Қоңырат руы

Қазақ руларының ұраны мен таңбасы: Қоңырат руы

Тарихи деректерде "Қоңғырат", "Оңғырат", "Қоңғила" деген атаулар кездеседі.Тарихи мекені Моңғолия жерінде болуы керек. Қазір қоңыраттар көбінесе Қазақстанның оңтүстігі, Қарақалпақстан, Өзбекстан жерінде тұрады. "Шыңғысханның құпия шежіресі" кітабында Шыңғысханның бәйбішесі Бөрте (Жошының шешесі) Қоңырат руынан екені айтылады. Орта және ұлы жүздер қазақтарының рулық-тайпалық құрамының 1748 жылы А. Тевкелев жазған суреттемесінде қоңыраттардың «күшті ру» екені, «Орта ордаға жататыны», көбінде «Үлкен ордамен бірге көшіп жүретіні» айтылған. Ш. Ш. Уәлиханов қоңыраттардың Орта ордадан Уәли хан тұсында (XIX ғасырдың бірінші жартысы) бөлініп, «Бұхарада, Қоқанда, Ташкентте, бәрінен бұрын Қаратауда және Талас өзені бойында өзбек руларымен (көршілес) көшіп жүретінін» жазған.

Хабарлар арасындағы айырмашылық 80 жылға жуық, бірақ олардың (қоңыраттардың), Орта Азия мен ұлы (Үлкен) жүз қоныстарына кетіп қалғаны жайында XVIII ғасырдың ортасында да, XIX ғасырдың бірінші жартысында да айтылады. Ал олардың бұлайша кетіп қалуына не себеп болғапын авторлар айтпайды. Осыны анықтауға тырысайық, дегенмен, басқа тайпалар тарихында байқала бермейтін тайпаның бұлайша жаппай көшіп кету корінісі айқын болу үшін бұл тайпапың тарихына қысқаша тоқталып өту керек. Нақ сол Уәли хан кезінде айрыла көшудің болғаны рас, сол хан тарапынан корсетілген қысымшылыққа наразылық ретінде 1797 жылы 15000 шаңырақ арғындардың Ертістің оң жағалауына көшіп кеткенін айтсақ та бола ды. Бірақ ол арғындар (атығайлар) қалай қоныс аударса да Орта жүз жері ішінде қалған, ал қоңыраттар бұрынғы мекенінен мүлде шығандап, оңтүстік өңіріне тым тереңдеп кеткенін көреміз. Мұның қысқаша тарихы мынадай. XVIII ғасырда қоңыраттар көшпенді өзбектердің мемлекеті кезінде болған бұрынғы құдіретінен айрылды, ал ол кезде қоңыраттар оныңжауынгерлік сол қанатына енген еді. Шайбани хан Дешті Қыпшақтан Мауараннахрға бет бұрған кезде көптеген қоңыраттар сол жаулап алушы ханға еріп кетті. Шайбани хан қаза тапқаннан кейін Мауараннахрда өзара қырқыс күшейіп, XVI ғасырдың аяғы XVII ғасырдың басында ол дербес екі хандыққа: маңғыттар басқарған Бұхара және қоңыраттар басқарған Хиуа хандықтарына болінді. Мауараннахрға кеткен қоңыраттар қарақалпақ халқы комионенттерінің біріне айналды. Дешті Қыпшақ даласында қалып, қазақ халқының құрамына енген қоңыраттар Орта Азия халықтары тағдырына жасаған бұрынғы зор ықпалынан енді айрылып қалды. Бүл арада, әрине, халық тарихында тұтастай бір тайпаны қалайда томендету иемесе дәріптеу бар деуге болмайды. Феодалдық дәуірде жеке бір адам мен оның тайпасының билік етуі, оның басқа адамдарға немесе басқа тайпаларға үстемдік жүргізуін көрсеткен. XVIII ғасырда қоңыраттардың қазақ қоғамындағы жағдайы (маңызы) қандай болған? Белгілі бір тайпаның, рудың салмағы ұлысты, старшындықты (ресми қүжаттарда алынған терминдер) басқарған жеке адаммен (ханмен, сұлтанмен, батырмен, бимен) байланыстырылған. Бұл жеке адам мен оның төңірегіндегілер, негізінен оның жақын туыстары өз руластарының, өз тайпаластарының мүдделерін қорғау арқылы өзі де жоғарылап, жайылымдарды иелену мен қоғам өмірінде өз беделін көтеру үшін қажетті күшке ие болған.

Қоңырат – Орта жүз құрамындағы тайпа. Қоңырат тайпасы өтеншіұлы, көктіңұлы деген екі үлкен бірлестіктен тұрады. Қоңыраттар 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанның оңт-нде мал шаруашылығымен айналысқан. Моңғол, араб, парсы деректері және Қытай авторлары бұл тайпаны ежелгі қият тайпа бірлестігінен шыққандығын айтады.


Қазақ халқы руларының ұраны мен таңбасы туралы толығырақ мына сілтеме арқылы таныс бола аласыңыздар. 

Суреттің авторы Арман ҚАЛИБЕКҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға