Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз қаласын абаттандыру жұмыстары
Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге дайындық жұмыстарына елдің барлық облыстарымен қоса, жамбылдық кәсіпкерлер мен ұйымдар да белсене қатысуда. Таразда абаттандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1,5 млрд астам теңге бөлінеді
«Облыстың 17 басқармалары мен 10 аудандық әкімдіктерге қаланың 26 орталық және бас көшелері бекітілді. Бұдан басқа, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, 24 көше қосымша абаттандырылады, - деді ҚазАқпарат тілшісіне Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ерік Көшербаев. - бұл нысандар бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл абаттандыру, қасбет, газон, аяқжол, арықтар мен жарықтандыру жұмыстарын қамтиды».
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінде нақтылағандай, жергілікті бюджеттен аталмыш жұмыстар үшін 500 млн теңге бөлу жоспарланған.
«Қазақтың мемлекеттілігін мерекелеуге қолдарынан келгенше көмек көрсету үшін демеуші ретінде жамбылдық кәсіпкерлерді, облыста жұмыс істейтін республикалық құрылымдарды тарту ұсынылды», - деді Е. Көшербаев.
Еске салсақ, мерейтойлық шараға Таразды абаттандыру үшін Қазақстанның барлық өңірлері атсалысуда. Бүгінде 6 облыс (Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, СҚО, БҚО) жұмыстарына кірісті.
Қазақ хандығының 550жылдығын мерекелеу биыл елдің барлық өңірінде өтеді. 550 жыл бұрын Талас пен Шу өзенінің арасында Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын құрған Жамбыл облысында үлкен іс-шара өтеді. Олардың ішінде «Мәңгілік ел» ақындар айтысы, «Қазақ хандығының құрылуы және тарихы» кітабының тұсаукесері, «Тараз - ғасырлар куәсі» көрмесі, «Еуразия барысы» қазақша күрес бойынша ҚР Президентінің жүлдесіне халықаралық турнир өтеді. Таразда «Ежелгі Тараз» жобасы жүзеге асырып, Қазақ хандығының 550 жылдығына монумент ашылады. Қытайлық Сиань қаласынан бастау алған Ұлы Жібек жолы бағыты бойынша экспедиция керуенінің қатысушыларымен кездесу ұйымдастырылады.
Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарының өкілдері абаттандыру және көгалдандыру бойынша жұмыстарға кірісіп кетті. Таяу күндері басқа облыстардан келген кәсіпкерлер саябақтар, көпірлерді жаңартуды, көшелерді абаттандыруды, жаңа саябақтар салып, ескерткіштер орнатуды бастайды.
Облыс орталығын мерекелік салтанаттарға қарсы абаттандыруға Қазақстанның барлық аймақтары атсалысуда, Таразда әрбір облыс үшін учаскелер белгіленген.
Осылайша, Ақмола облысы 32 млн. теңге сомасына жаңа терминалдың құрылысы аяқталып отырған «Әулие Ата» әуежайынан шығатын жолды безендіреді. Қарағандылықтар 102 млн. теңгеге Атшабар саябағын абаттандырады.
ОҚО қаланың батыс бөлігіндегі кіреберіс аркасын 48 млн. теңгеге жаңартады. Павлодарлықтар батыс көпірдегі айналма жолын сәндеудің бірегей жобасын ұсынды. ШҚО Абай Құнанбаевқа арналған ескерткішті орнатады, алматылықтар Жамбыл Жабаев ескерткішінің жанындағы алаңды барельефтермен және шағын сәулет пішіндерімен безендіреді. БҚО Қайрат Рысқұлбеков атындағы саябақты абаттандырады. Маңғыстаулықтар «Тараз» қонақүйінің жанындағы ландшафтты жақсартады. СҚО көлік вокзалының жанындағы саябақты 50 млн. теңгеге сәндендіреді.
Атырау облысы Тұңғыш Президент саябағының жанындағы аумаққа қайың және қарағай ағаштарын отырғызған. Дизайнерлік жобаның құны - 50 млн. теңге. «Қарахан кесенесі» тарихи ескерткішінің жанындағы саяжолды абаттандыру бойынша жұмыстар қызу жүргізілуде, бұл жерде Қызылорда мен Қостанай қалаларының бірлескен күшімен құны 150 млн. теңгелік жоба құрылып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу биыл еліміздің барлық аймақтарында өтіп жатыр. 550 жыл бұрын Талас және Шу өзендерінің арасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Қазақ хандығын құрған Жамбыл облысында айтулы шаралар жоспарланған. Олардың арасында театрландырылған көрініс, «Мәңгілік Ел» атты республикалық ақындар айтысы, «Қазақ хандығының құрылуы және тарихы» кітабының тұсаукесері, «Тараз - ғасырлар куәсі» көрмесі, ҚР Президентінің жүлдесі ойнатылатын қазақша күрестен «Еуразия барысы» халықаралық жарысы сияқты шаралар бар. Бұдан басқа, Таразда «Көне Тараз» жобасы іске асырылып, «Қазақ хандығының 550 жылдығы» ескерткіші ашылады, қытайлық Сиань қаласынан Ұлы Жібек жолының бағдарымен жүріп келе жатқан керуен экспедициясына қатысушылардың кездесуі өтеді.
Әзірлеген: Досжан Мейірім.
Фотолар Қазақпараттан алынды.