ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚКСР)
ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚКСР) – 1936 – 91 ж. КСРО құрамында болған одақтас республика. 1936 ж. жаңадан қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес РКФСР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды (қ. Қазақ АКСР-ы). 1937 ж. наурызда респ. Кеңестерінің төтенше 10-съезі өтіп, Қ. к. с. р. конституциясы қабылданды. ҚКСР-нің мемл. өкіметі – Жоғ. Кеңес пен республика үкіметі – ХКК құрылды. Республиканың әнұраны, елтаңбасы, мемл. туы бекітілді. 1937 ж. маусымда өткен съезінде өлкелік партия ұйымы Қазақстан коммунистік партиясы (ҚКП) болып қайта құрылды. Бұрынғы 6 облысқа қосымша жаңадан Қостанай, Солт. Қазақстан (1936), Гурьев, Қызылорда, Павлодар (1938), Жамбыл, Семей, Ақмола (1939) облыстары қосылды. 1937 – 38 ж. елде жаппай қуғындау науқаны жүргізілді (қ. Саяси қуғын-сүргін). 2-дүниежүз. соғыс жылдарында (1941 – 45) Қазақстанда ондаған әскери құрамалар жасақталып, 1 млн-нан астам адам соғысқа қатысты. Соғыс жылдары ҚКСР өнеркәсібі КСРО-ның батыс аудандарынан көшіріліп әкелінген кәсіпорындардың есебінен едәуір ұлғайды. 142 кәсіпорын қысқа мерзім ішінде іске қосылды. Кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметкерлерінен басқа 1 млн-нан астам адам ҚКСР-на орналастырылды. Олардың ішінде депортацияға ұшыраған халықтар да болды (қ. Депортация). ҚКСР-ның а. ш. майдан мен тылды азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ер-азаматтардың майданға кетуіне байланысты а. ш-нда негізгі жұмысты әйелдер атқарды (қ. Қазақстан екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында). 1944 ж. жаңадан Көкшетау, Талдықорған облыстары ашылды. Соғыстан кейінгі жылдары ҚКСР-да экономика мен мәдениетті көтеру шаралары іске аса бастады. ҚКСР соғыс кезінде жаудан босатылған 12 қала мен 45 ауданды өз қамқорлығына алып, оларға арнаулы мамандар аттандырып, құрал-саймандар, азық-түлік, киім-кешек тиелген эшелондар жөнелтті. 1946 ж. Қазақ КСР ҒА ашылды. 40 – 50 ж. бас кезінде кеңестік цензура қоғамның дамуын қатаң бақылауға алды. Орталықта “Ленинград ісі”, “Дәрігерлер ісі”, ҚКСР-де қолдан жасалған “Бекмаханов ісі” бойынша бір топ жетекші ғалымдар қудаланды. И.В. Сталин өлгеннен кейін (1953 ж., наурыз) 1953 – 54 ж. жоғарғы билікте өзара айтыс өрістеді (қ. Кеңес одағы коммунистік партиясы). Қазақстанда Орталықтың шешімімен ҚКП-ның 1-хатшысы Ж.Шаяхметов орнынан алынып, П.К. Понамаренко жіберілді. 1954 ж. орт-тың шешімімен тың және тыңайған жерлерді игеру басталды. РКФСР, Украина, Белоруссия, т.б. республикалардан тың игеруге 640 мың адам келді. Егістік көлемі 27 млн. га-дан асып, 1950 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты. Тың игерумен бірге өнеркәсіп те қауырт дамыды. 200-ден аса ірі өнеркәсіп орындары ашылды. Мойынты – Шу (
К. Аманжолов
"Қазақ энциклопедиясы"