Жаңалықтар

Қазақ даласындағы ежелгі қалалар!

Қазақтың ен даласын ежелден-ақ халық жайлап, көрікті мекенге айналдырған.
30.06.2014 05:26 11151

Қазақтың ен даласын ежелден-ақ халық жайлап, көрікті мекенге айналдырған. Сол заманда негізгі орталықтар пайда болса, кейіннен ол қалалар мекен ететін ортасына байланысты да әрқалай аталды. Қазақ даласында билігін жүргізген хандардың кезінде қалалар астаналық дәрежеге де көтерілді.

Қазақ даласындағы ежелгі қалалар!

Қазақ даласы толығымен Ресей отарлығына өткеннен кейін қазақтың жан-жағынан қанау мақсатында бекіністер тұрғызылды. Кейін Қазақстан автономиялық Республикасы болып жарияланған соң қазақстанның жеріндегі алғашқы тұғырлы қалалар салынды. Солардың бірсыпырасына тоқталып өтейік.

Қазақ даласындағы сол кездегі үлкен қалалар деп Орал, Гурьев, Семей, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Ақмола, Павлодар, Көкшетау, Ақтөбе және басқа да қалаларды айта аламыз. Қазақстанның әрбір бөлігіндегі қалалардың пайда болу ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Мысалы Солтүстік-Батыс Қазақстандағы Орал және Гурьев қалаларын алсақ.

Оралдың қабырғасы ХYII ғасырдың бас кезінде қаланды. Ол кездегі үлкен қалалардың бәрінде болғандай Оралдың өзінің елтаңбасы да болды.

Гурьевтің негізі XYI ғасырда қаланды. Қаланың қазіргі атауы Атырау қаласы болып өзгертілген. Жайық өзенінің жағалауында бой көтерген үлкен қаланың бірі. Балық өнеркәсібінің көзіне айналған бірден бір қала.

XYIII ғасырда Қазақстан жерінде пайда болған қалаларға Павлодар, Семей, Өскемен, Петропавл, Көкшетау, Қарқаралы, Атбасар, Көкпекті, Ырғыз, Торғай, Зайсан, Ақтөбе, Қостанай, Темір т.б. секілді қалаларды жатқыза аламыз. Олар Қазақстанның әр өлкесінде орналасқанымен бір уақытта бой көтерген қалалар болып саналады. Қазіргі үлкен, салтанатты, сәулетті қалалардың көбі сол кезден бастап іргесі қаланып бой көтергенін білеміз. Әр қаланың өзіндік ерекшелігі болды. Бірі білім орталығы болса, бірі астықты мекенге айналды. Бірі шаруалардың қаласы болса, бірінде тек байлар ғана қоныстанды. Енді бірі әкімшілік орталық саналды. Сауда саттық қаласы болған қалалар да өте көп. Бірінде еңбек қызып, бірі татулықтың тұнған ордасына айналды.

Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қалалардың басты ерекшелігі – халық көп қоныстанған орталықтар болып саналды. Атап айтсақ, Верный (Алматы), Жаркент, Әулиеата (Тараз), Перовск (Ақмешіт) қалалары халықтың басым бөлігі мекен еткен, шаруашылықтың түріне де, егіншілікке де, мал шаруашылығы болсын, өзге де еңбектің түрлеріне өте ыңғайлы қалалар болды.

Жалпы қалалардың бірі бекініс негізінде қалыптасса, енді бірі әскери орталық, бірі әкімшілік атқару орталығы санатында қалыптасты. Әр қаланың тұрғындарының шаруашылығы мен тұрмысына қаланың орналасуы мен географиялық жағдайы, халқының қоныстануы мен тұрғындарының саны басты рөл атқарды. Ең бастысы – сол қалалардың барлығы дерлік бүгінгі таңда егеменді еліміздің бетке ұстар қалаларының санатында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға