Қазақ боксының өткен жылғы жетістіктері
20.05.2016 10:55
5041
Бокс Федерациясының президенті Тимур Кулибаевтың басшылығымен Федерацияның жылдық конференциясы өтті. Назарларыңызға 2015 жылы қазақ боксшылары қол жеткізген жетістіктерін ұсынамыз:
2015 жылы қазақ боксшылары қол жеткізген жетістіктері:
2015 жылы тамыздың 25 — қыркүйектің 5 аралығында Тайландта өткен ерлер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандықтар 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық көрсеткіште бірінші орынға ие болды.
Қаңтардың 5 мен 14-і аралығында Катарда өткен әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар Елеусінов пен Дычко күміс жүлдеге қол жеткізді.
Цяньанда өткен олимпиада ойындарына квалификация алу жарысында боксшыларымыз ерлер 7 және әйелдер арасында 1 жолдама жеңіп алды. Олимпияда ойындарына Қазақстан атынан 11 боксшы барады.
APB жобасы бойынша рейтингте Біржан Жақыпов пен Берік Әбдрахманов көш бастап тұр. Ілияс Сүлейменов пен Антон Пинчук екінші орында.
Астана арландары бесінші рет WSB чемпионы атанды.
Азия конфедерациясы Әбілхан Аманқұлды жастар арасында үздік боксшы деп мойындады.
Әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында (Уланчабе) Дариға Шакимова алтыннан алқа тақты.
Қыркүйек айында жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатында қазақстандықтар 1 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлдеге ие болды.
Мамыр айында Тайбэеде өткен қыздар арасындағы әлем чемпионатында 2 алтын, 3 күміс, 7 қола жүлдеге қол жеткізді.
Тұңғыш рет Атырау қаласында жасөспірім қыздар арасындағы бокстан халықаралық жарыс өткізілді. Жарысқа 6 мемлекеттің спортшылары қатысты.
Алмас Сауданбай
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«В гостях у Сказочника»