Жаңалықтар

Қазақ балаларының ойындары

Ең алдымен, біз бұл жерде «нәресте» жасындағы балалардың ойындарын санап шығамыз. Олар: соқыр теке, тіпә-тіпә, көк сиыр, үйшік-үйшік және т.б.
19.11.2014 07:49 7132

Қазақ фольклорына қызығатындарға қазақ балаларының ойындары жөнінде кейбір түсінік беруді жөн көріп отырмын. Қазақ балалары өзіне түйе немесе ат түрінде ойыншықты балшықтан жасап алады, сондықтан да бұл балалардың бүтіндей өнімі, шығармашылық қарекеті болып табылады. Қазақ тұрмысында бір жастан жеті жастағы кішкентайларды нәресте, жетіден он беске дейінгі жастарды бозбала, он бестен отызға дейінгі жас адамдарды жігіт деп атау қалыптасқан. Балалардың ойындары мен бозбалалардың көңіл көтеруінде, әрине, айырмашылық бар. Ең алдымен, біз бұл жерде «нәресте» жасындағы балалардың ойындарын санап шығамыз. Олар: соқыр теке, тіпә-тіпә, көк сиыр, үйшік-үйшік және т.б.

Қазақ балаларының ойындары

 

Соқыр теке

 

Соқыр теке ойынында балалар жиналып, бәрі жерге аяқтарын созып, қатарласып отырады, сосын әрбір бала өзінің аяғын ысқылай бастайды, сөйтіп бәрі бір дауыспен: «уқала, уқала!» деп қайталай береді. Содан соң бәрі орындарынан ұшып түрегеледі, сол кезде кімнің тізезі сықырласа, соның көзін байлайды да, қалған балалар шашырай жан-жаққа қашады. Көзі таңылған бала жүгіріп жүргендерді қуып, ұстап алуы керек. Мұның сәті түскен кезде, ол ұстап алған баланың атын атауға міндетті. Егер тапса, ұсталған бала «соқыр текеге» айналады.

 

Үйшік-үйшік

 

Бұл ойынға ұлдар қатыспайды, тек қыздар ғана ойнайды. «Үйшік-үйшік» бұл үй болып ойнау ойыны. Әдетте қыздар бірнеше таяқшалар алып, оларды белгілі тәртіппен жерге қадайды. Одан соң үстіне шапандар жабады, осылайша күрте сияқты бірдеңе жасалады, ал балалар болса, қиялдарында бұны қазақтың нағыз киіз үйі деп елестетеді. Содан соң қажетті мөлшерде шыбықтар тауып, қуыршақтар дайындайды. Қуыршақтарды олар өте қарапайым жасайды. Шыбықшаға ақ шүберекті орап, көздерін, мұрны мен аузын істейді. Содан соң сол қуыршақтың қандай жынысты бейнелейтініне қарай әртүрлі киім, яғни еркек пен әйел киімін кигізеді. Егер әйел болса, қуыршақтың басына орамал орайды, ал егер еркек болса, қуыршаққа шалбар, басына бөрік сияқты бірдеңе кигізеді.

Қуыршақтарды дайындап болғасын қыздар ойынға кіріседі. Той жасайды, бұл еркек пен әйел жынысын ұйықтатуға жатқызу арқылы бейнеленеді. Содан соң сахнаға жаңа үйленгендердің балаларын бейнелейтін кішкентай қуыршақтар шығады. Бұл балалар кейіннен өседі. Құдалар келеді, қорытындысында жас қызын күйеуге ұзатады. Бұл жағдайда тойдағы бүкіл қуыршақ адамдар сол қыздар күні бұрын саз балшықтан дайындаған аттар мен түйелерге мінгізіліп, шығарып салынады, ойын осымен бітеді.

 

"Қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрыптары" /

 құраст. С. Е. Әжіғали;Алматы : Арыс, 2006.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға