Жаңалықтар

ҚАЗАҚ АТЫНЫҢ ТӨРКІНІ (ЭТИМОЛОГИЯСЫ). Жалғасы

ҚАЗАҚ АТЫНЫҢ ТӨРКІНІ (ЭТИМОЛОГИЯСЫ). Жалғасы
23.08.2014 13:30 5532

Тайпа атына қатысты деу. “Қазақ” атауының арғы тегi ежелгi заманда қазақ даласын мекендеп, қазақ кұрамына енген тайпалар мен халықтардың аттарынан: “Аса”, “Хасақ”, “Сақ”, “Қаспи” дегендерден өзгере қалыптасқан деушілер де көп. Алғашында ол осы аттағы шағын тайпаның нəмі де болған шығар. Ондай дерекке жоғарыда кезіктіңіз. Профессор Су Бейхай «Қазақ мəдениетінің тарихы» деген еңбегінде, “Іс жүзінде қазақ атауы ежелден бері бар ат. Қытайдың Хы Чютау, Жаң Шиман сықылды оқымыстылары сонау ертеде-ақ “қазақ” атауы “үйсіннің” дыбыстық баламасы деп көрсеткен. Нығымет Мыңжанұлы: Хəн патшалығы дəуіріндегі алан қазақ атауының үндес əріптермен басқаша аударылуы деген. Таң əулеті кезінде осы аударма ат онан ары айқындала түсті. Таң əулеті тарихында қазақ атауы “каса”, “хаса” немесе“аса” түрінде аталды. Мысалы, «Таң патшалығының жаңа тарихы. Парсы тарауында»: Парсылар шығыс жақта Тохар, Қаңлымен шекаралас. Олардың солтүстігінде түріктердің каса ұлысы тұрады деп жазылған. Хұң Жюн «Юан əулеті тарихындағы аудармаларға қосымша» атты кітабында: “Түріктер мейлінше күшейген кезде,батыс жағындағыларды “хаса”, “каса” деп атады. Батыс елдерінің ежелгі деректерінде бұл - ұлыс аты, хаса - оның дыбыстық баламасы. Олар Каспий теңізі мен Қара теңіздің солтүстігін мекендеп, сол арада тұрған дейді. Парсы Əбілқасым Фирдауси «Шаһнама» атты əйгілі дастанында, Арал (Көк) теңізінің солтүстігі мен батысын мекендеген ұлтты“қазақ” деп атап, “Көктеңіздің солтүстігін мекендеген қазақтар Қазақ хандығын құрды. Олар күшті əрі адамы көп ұлт саналады” дейді. Жоғарыдағылар “қазақ” атауынының XVғасырда ғана пайда бола кетпегенін, қайта Чин-Хəн (б. з. б. II-б. з. II ғасырлары. - С. Ж. ) əулеттерінен бастап жария екенін ыспаттайды” деп жазған болатын. Жақып Мырзаханов та: “Аландардың аты ежелгі тарихи деректерде “янсай”, “аса”, “хаса”, “гыса”, “кыса”, т. б. деп əр түрлі жазылса да, олардың қоныстанған өңірі ежелгі алан бірлестігі тұрған өңір еді. «Үш патшалық шежіресінде» жазылуынша, “Аса” (Алан) мемлекетінің шығыс-оңтүстігі Қаңлы мемлекетімен, батысы Рим мемлекетімен шекараланған. Олар бастабында Қаңлы мемлекетіне тəуелді болса да, кейін оған бағынбайтын болған. Қазір қазақ атауы жөніндегі зерттеулерде, оны ертедегі “Аса”, “Хаса”, “Кас”, “Хазар”, т. б. тайпалар атымен немесе “сақ елі” жəне“Каспий көлі” атымен байланыстыра зерттеп жүр. Француз академигі П. Полионың зерттеуінше, қазақтар - ерте кезден Каспий мен Арал теңізінің бойын мекендеген халық. Орыс ғалымдары А. И. Левшин мен В. В. Радловтың бақылауынша да, қазақ жəне хазар тайпалары Каспий теңізінің төңірегіне, солтүстік Кавказға ерте кезден қоныстанған... Жазба тарихи деректерде аландар қоныстанған өңір – қазіргі қазақ Кіші жүзі қоныстанған өңір. Олардың өкілдік тайпасының аты қазірге дейін алшын делінуі Қытайдың жылнамаларында жазылған алан елі жөніндегі деректің аса зор ғылыми құны бар екенін дəлелдейді” деп жазады. Меніңше, лигвистикалық тұрғыдан “Алшын”дегенді “Алан + шын”, “Алан + сын” (Алан ұрпағы, алан ұлдары) деп талдау мүмкіндігі де бар.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға