Жаңалықтар

Қазақ атауының төркіні туралы

Қазақ атауының төркіні туралы
16.10.2014 06:19 5486

Енді сол Қас (кас, каз, хас, хаз) тайпасының атында не мəн бар деген сауалдың көтерілері даусыз. Осыған орай айта кететін бір ойым мынау. Көне тілімізде “Хас, Кас, Қаш” сөздерінің мағынасы таза, мөлдір, нағыз, су дегендерді білдірген сықылды. Хас батыр, су жаңа, қас жау, т. б. осыған жетелейді. Іленің ең басындағы ең үлкен үш өзеннің бірі Қас. Ал, қалған екеуінің қазіргі аты Текес пен Күнес. Мүмкін олардың бұрынғы аты “Текхас”пен “Күнхас” та шығар. Өйткені Ілеге құятын бұл үшеудің ең үлкені (Іле суының тегі немесе дені) Текес. Ал Күнес Қас өзенінің күнгейінде. Хотанда Өріңқаш (Йөрүңқаш - ақ қаш), Қарақаш дейтін екі өзен бар. Қарақашы күнбатар жақта, Өрінқашы күншығар жақта. Түріктер кезінде Сары өзенді (Хуаңхыны) “Қаш” деген екен. Хəндер оны сол беті дыбыстап жазуға (Қашдеуге) тырысып Хышүй  деген. Хытау дегеннің Қасқамыт немесе Хасқамыт делінуі де тегін емес. Мұндағы Қас пен Хас та Хы (өзен) дегеннің орнында тұр. “Каспий” дегеннің” Хас (су) + Би (патша)” дегенненшығуы да ықтимал. Осы маңдағы сулардың ең үлкені (биі) емес пе. Сонда Əнес Сарай айтып отырған тайпаның атының төркіні де бізге жат сөз емес болмақ. Демек, “нағыз сақ” немесе “су сақ” мағыналы “Хас сақтан” шықты дегенді де ойланып көруге əбден болады екен.

Əнес Сарайдың: “Алғаш Иакинф атай (Бичурин) айтып, кейін Марғұланның мақұлдауынша, ғұндардың түпкі аталары Қа, Ка деген кісі болған. Ғұндар өздерінің шығу тегін осы атақты бабаларының атына апарып тіреп отырған. Олай болса, ха-сақ (қа-зақ) Қа бабаның ұрпағы, қа бабаның сақ атанған ұрпағы деген сөз” дегені де бар. Есіңізде шығар, бірінші бөлімде, Қытайдың кей жылнамалары ғұндар - Шя əулетінің ұрпағы деп жазады. Ал бұл Шя - хəндер ежелден өздеріне ата-тек санап келген, 5 мың жылдық тарихының ту басын Шячау (б. з. б. XXI - XVI ғасырлар) деп бастайтын əулет. Мысалы, ол жылнамаларда “Ғұндар - өз тұқияны шяхулардың  ұрпағы, яғни күнуейлер”, “Чуəнійлер мен шялар аталас, бəрі Хуаңдиден шыққан”, “Күнуей ин кезінде (б. з. б. 1300-1048 жж. - С. Ж.) солтүстікке кеткен. Яғни Шяның ұрпағы - Күнуей. Шаң əулеті кезінде солтүстікке қашып кеткен. Соның ұландары өсіп ғұндар болды”[603], “Солтүстік жаққа ауып барып қоныстанған Шяның ұрпағы - Шя Женің (

Шя əулетінің соңғы патшасы. Аңыздарда оны аса қатал болған деседі. - С. Ж.) ұлы. Шя Же жер аударылып барғасын, үш жылдан кейін өледі. Оның ұлы Шюн Юй, шешесін ертіп, солтүстіктегі даланы паналап, мал соңына түседі. Қытайлықтардың ғұндар деп жүргені - солар” дегенді айтқан едік. Осы арадағы Шя дегендердің, өз кезінде ғана емес, бүгінгі кей диалектте де Ха болып оқылатыны белгілі де дегенбіз. Сондықтан Əнестің бұл тұжырымында да қисын күшті. Сонымен, мен осы үшінші пікірді дұрыс деп санауға бейіммін. Бертінгілердің кейінің есінен көтерілген болса да, арғы тегіміздің сақ екенін де, кезінде каспийдің шығысындағы Ұлы Даланы алып жатқан елдігімізді де, ғұндығымыз бен оның арғы атасын да, бұдан бес ғасырдай бұрында өмір сүрген ата-бабаларымыз мықтап ескерген сықылды. Ал, арғы екі пікір оған кейін келе үстелген игі тілекке толы аңыздық, анализдік үстеулер мен сол негізде хатталулар, түсіндірулер, жорулар шығар.

Сұлтан Жанболат, "Ежелгі ұлыс тарихы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға