Жаңалықтар

Қазақ армиясының элитасы

Қорғаныс
30.11.2016 09:35 6153

Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында қазақ армиясының элитасы саналатын – Мемлекеттік күзет қызметі туралы жазғанды жөн көрдік. Әскери құрылым Елбасының қауіпсіздігін қорғайтындығымен дараланады.

Қазақ армиясының элитасы

Тарихқа сәл шегініс жасасақ, 1992 жылғы 16 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің №673 Жарлығына сай «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы» құрылды. Республикалық ұланның негізгі міндеттері: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу, рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік нышандарын күзету, аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету болып табылды.

Қазақ армиясының элитасы 

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі сындарлы шешімдердің бірі – Мемлекет басшысының 2014 жылғы 21 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі туралы Жарлығы болғанын атап айтуға болады. Жарлық бойынша Президенттің күзет қызметі мен Республикалық ұланның бірігуі негізінде Мемлекеттік күзет қызметі құрылды.

 Қазақ армиясының элитасы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі құрылған күнінен бастап күзетілетін тұлғалардың қауіпсіздігін және нысандардың қорғанысын қамтамасыз етудегі арнайы жауынгерлік орган ретінде көрсетілген бағдарлама аясында қойылған міндеттерді іске асыруда жаңаша даму бағытын ұстанды.  

Қатарына  тек  таңдаулылар ғана алынатын арнайы жасақ  тікелей Елбасына бағынады. Бүгінде Мемлекеттік күзет қызметіне генерал-лейтенант Күреңбеков Амантай Жанкеұлы басшылық етіп отыр.

Жоғарыда сөз еткеніміздей Мемлекеттік күзет қызметі өзінің құрылған күнінен бастап еліміздің жоғары басшылығының жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аса маңызды мемлекеттік объектілерді күзету міндеттерін жүзеге асырады.

Қазақ армиясының элитасы 

Қазір қуатты құрылым – өзінің материалдық-техникалық базасы, қару-жарағы, кадрлар даярлау жүйесі мен қазіргі заманда туындап отырған барлық қауіп-қатерлер мен тәуекелдерге заң аясында қарсы жауап қайтаруға қабілетті, дәстүрлері бар мықты мемлекеттік орган.

2014 жылдың 1 желтоқсаны – Мемлекеттік күзет қызметі үшін мәртебелі әрі тарихи күн болып саналады. Себебі осы күні Елбасы Мемлекеттік күзет қызметінің Туы мен «Айбын» және «Батыр» Президенттік полктерінің жауынгерлік шарттарын табыстаған еді.

Қазақ армиясының элитасы 

Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауыл ротасы Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін хаттамалық іс-шараларды, шетел басшыларымен кездесу және шығарып салу рәсімдерін және басқа да мемлекеттік маңызы бар іс-шараларды қамтамасыз ететіндігімен ерекшеленеді.


Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға