Жаңалықтар

Аз ұлттар мәселесін шешуде Қазақстан әлемге үлгі көрсетті

Аз ұлттар мәселесін шешуде Қазақстан әлемге үлгі көрсетті
08.10.2019 18:18 2506

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевтың ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдерін қабылдауында Ресей Федерациясының ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі Александр Лукашевич Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін үлгі ретінде әлем елдеріне дәріптеуді ұсынды.

Александр Лукашевич, Ресей Федерациясының ЕҚЫҰ-дағы тұрақты өкілі:

«Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан демократия моделі Еуразиялық аймаққа ғана емес, жалпы әлемге үлгі көрсетерліктей. Соның ішінде, әсіресе Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін дүниежүзіндегі аз ұлттар мен этностардың мәселесін шешуде басшылыққа алуға болады. Ол үшін Ассамблея жұмысын әлемге әлі де кеңірек таныстыру, насихаттау жұмыстарын жүйелі атқару керек деп ойлаймын. Бұл мақсатта Ассамблеяға осы тұрғыда тәжірибесімен бөлісіп, дәріс беруге де болар еді. 1994 жылы Будапештте өткен халықаралық саммитте Францияның сол кездегі президенті Франсуа Миттеран ЕҚЫҰ-ны алдағы 20 жылда бүкіл әлем қоғамдастығының үйлесімді дамуының қозғаушы күші ретінде көргісі келетінін айтқан болатын. Бұл сөздің іс жүзінде орындалғанына мен Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен 2010 жылы куә болдым. Сол уақытта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл идеяға кеңірек анықтауыш беріп, бүкіл әлем қоғамдастығының үйлесімді дамуының күллі Еуропа бойынша дамуына қосымша импульс берген болатын».

Бөлісу:

Нұргүл Қалиева 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша none;text-underline:none">ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.



Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға