Жаңалықтар

Айжан Аймағанова Бишімбаевқа тағайындалған жазаға қатысты пікір білдірді

Айжан Аймағанова Бишімбаевқа тағайындалған жазаға қатысты пікір білдірді
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 13.05.2024 18:01 10678

Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың жазасына байланысты прокурор Айжан Аймағанова пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

99-баптың 2-бөліміне сәйкес біз мүмкін болған 20 жылды сұрадық, ал 110-бап бойынша 7 жыл тағайындауын сұрадық. Сот сол мерзімді тағайындады, тек қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаны ішінара қосу арқылы 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл аталған бап бойынша ең көп мерзім. Соңғы бес жылда алқабилер қатысқан сот отырысында мұндай істерде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалмаған, - деді прокурор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға