Айыппұлды 50% «жеңілдікпен» қалай төлеуге болады?

Егер сізге, мысалы, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік айыппұл салынса, онда Сіз айыппұлдың жалпы сомасының жартысын ғана төлей аласыз.
Ол үшін айыппұл салынған сәттен бастап 7 жұмыскүні ішінде төлеу керек.
Төлеу барысында келесі шарттардың сақталуымаңызды болады:
- құқық бұзушылық жасау фактісімен танысу;
- айыппұлдың 50%-ын төлеуге келісу;
- ұсынылған дәлелдемелерге шағымданбау.
Айыппұлдың бар-жоғын тексеріп, оны:
E-gov порталында «Әкімшілік айыппұлдарды жәнежол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшінайыппұлдарды іздеу және төлеу» қызметі арқылы;
- Qamqor сайтында;
- Қазпошта сайтында;
- банктердің сайттарында және олардың мобильдіқосымшаларында төлей аласыз.
