Жаңалықтар

Айтыс ақыны болған шенеунік пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Айтыс ақыны болған шенеунік пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 12.02.2024 19:49 62371

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өңірдің мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы басшысы Әнуар Омаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі. 

Лауазым иесі облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 млн теңге көлемінде пара алу бойынша күдікті деп танылып отыр.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деп жазылған агенттік таратқан мәліметте. 

 Әнуар Омаров кезінде айтыскер ретінде көпшілікке кеңінен танылған. Ол кейінгі жылдары мемлекеттік қызметке ауысып, Ұлытау ауданының әкімі болып екі рет тағайындалған. Кейін Сәтбаев қаласының әкімі болып, Ұлытау облысы жаңадан құрылған соң басқарма басшысы лауазымына қызметке кірісті. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға