Жаңалықтар

Әйтенов Шымкент қаласының бюджетін басқара алмай ма? Әкім жауап берді

Әйтенов Шымкент қаласының бюджетін басқара алмай ма? Әкім жауап берді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 15.06.2023 13:16 700

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қала бюджетіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Шымкент қалалық прокуратурасы қаланың 2023-2025 жылдарға арналған бюджетін тексеріп, 1,4 млрд теңгені үнемдеп қалғанын хабарлады. Осы іске байланысты 3 басқарманың шенділері жауапқа тартылды. Әкім ретінде қала бюджетінің тиімді жұмсалуын не себепті бақылай алмай отырсыз?", - деген тілшілер сұрағына қала әкімі қатты ойланды.

Бас жоспарымызға қоса бекітілген бюджеттік жоспарымыз бар Бюджеттік жоспардың барлығы қала тұрғындарының қажеттілігінен басталады. Оны қалалық мәслихатқа бекіту үшін ұсынамыз. Бюджет бекітілген соң, сол бағыт бойынша жұмыс істейді. 2023-2025 алдағы уақытқа бөлінген қаражат, - дейді Мұрат Әйтенов.

Әкім бұл жағдайдан бейхабар екенін айтып, жазбаша жауап беретінін жеткізді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға