Айтбек Амангелдіге қатысты қылмыстық іс қозғалмаған - Марат Қожаев
Фото: Коллаж El.kz
Фото: Коллаж El.kz
06.06.2024 14:17
551
ІІМ бірінші орынбасары Марат Қожаев Бишімбаевтың туыстары «жалған ақпаратқа қатысты» арыз түсіргендіктен қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.
Қожаевтың сөзінше, қылмыстық іс «жалған ақпарат тарату» бойынша қозғалған. Яғни, қылмыстық іс Айтбек Амангелдінің үстінен емес, жеке іс ретінде ашылған.
Айта кетейік, саясаткер, Қазақстан халықтық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдіге қатысты іс қозғалғанын мәлім еткен болатын.
Бұған дейін ішкі істер министрі Ержан Сәденов Айтбек Амангелдіге қатысты қозғалған қылмыстық іс туралы пікір білдірген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кеңес заманындағы кей мультфильмдер қазақ тіліне аударылады