Жаңалықтар

Айтбек Амангелді Бишімбаевтың анасын тікелей эфирде балағаттады

Айтбек Амангелді Бишімбаевтың анасын тікелей эфирде балағаттады
Фото: коллаж El.kz 03.05.2024 16:35 3394

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысында жарыссөз жалғасып жатыр. Басты айыпталушының анасы Альмира Нұрлыбекова сөз сөйледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол Салтанаттың ата-анасынан алғаш рет кешірім сұрады.

Қуандықты қоғамның паразиті деп, ең төмен адам етіп жатыр. Біз ұлымызға қазақы тәрбие беріп, қысым жасаған жоқпыз. Желіде біздің отбасымызды «құбыжық» санап, түрлі айып тағылып жатыр. Баламызды дұрыс тәрбиелемеді деп те айтып жүр, - деді Альмира Нұрлыбекова.

Айыпталушының анасы Салтанат Нүкенованың Қуандық Бишімбаевқа аз уақыт махаббат пен жылулық сыйлағаны үшін оның отбасына алғыс айтты.

Сол сәтте Айтбек Амангелді Альмира Нұрлыбековаға қарап, аузын жыбырлатып, балағаттады. Оның былапыт сөз айтып жатқаны тікелей эфирде видеодан анық көрінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға