Айт күндері ораза ұстауға бола ма? ҚМДБ жауап берді
Фото: El.kz
Фото: El.kz
20.04.2023 19:10
2354
Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы айтта ораза ұстауға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ораза айттың бірінші күні және құрбан айттың төрт күнінде ораза ұстау – тахриман мәкрүһ. Өйткені бұл Алланың бізге сыйлаған мерекесі, тойлау және қуаныш күндері. Бұл күндері ораза тұту күнә болғанымен, оразасы жарамды. Егер осы күндері ұстаған оразасын бұзса, қаза өтеуі керек емес. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез келген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады, - делінген ҚМДБ жауабында.
Айта кетейік, Айт намазы Алматы, Астана және Шымкент қалаларында 21 сәуір күні таңғы сағат 7:00-де оқылады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда жұрт көзінше жалаңаштанған екі ер адам ұсталды