Жаңалықтар

Ғайса Қапақов: Домбыра үнін құлағына сіңіріп өскен өрендер көп болсын

Ғайса Қапақов: Домбыра үнін құлағына сіңіріп өскен өрендер көп болсын
09.07.2019 17:37 5595

Батыс-Қазақстан облысының Қазақстан халқы ассамблеясы Орал қаласындағы перинатальды орталығында халық дәстүрін дәріптеу, өнер жолында ұрпақ сабақтасығын нығайту мақсатында «Қасиетті домбыра» акциясын ұйымдастырып өткізді. 

Ұлттық домбыра күні дүниеге сәби әкелген аналарға облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өкілдері қазақ саз аспабы  - домбыраны табыстады.

Фотограф Рафхат Халелов (119).JPG

«Елбасының жарлығымен шілденің алғашқы жексенбісі Домбыра күні болып белгіленді. Биыл бұл мереке екінші мәрте аталып өтуде. Соған байланысты Ассамблея атынан домбыра табыстауды дәстүрге ұластырмақпыз. Жарық дүниеге сәби әкелу, ана бақытын сезіну – зор нығмет. Балалар ұлттық құндылықтардың қадірін жете тануы керек. Сондықтан нәрестеге берілген алғашқы сыйлық домбыра болсын деп, жақсылыққа балап, дәстүрге сай ырымдап сыйға тарту етудеміз. Домбыра үнін құлағына сіңіріп өскен өрендердің арасынан дәулескер күйші, талантты әнші, ел арқасүйер азаматтар көп шықса, біз қуанамыз. Сәбилердің бауы берік болсын», — деді БҚО ҚХА төрағасының орынбасары Ғайса Қапақов.

Фотограф Рафхат Халелов (66).JPG

Аналарды құттықтай келген делегация құрамында этномәдени бірлестік төрағалары, кәсіпкерлер, өнерпаздар болды. Бұл күні дүниеге сәби әкелген 17 ана гүл шоғымен бірге бір-бір киелі домбыраны сыйға алып, қуанышқа бөленді. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға