Жаңалықтар

Қайрат Сатыбалдының қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғы айтылды

Кейбір БАҚ мәліметінше, Сатыбалдыұлының Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін. 
Қайрат Сатыбалдының қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғы айтылды
Фото: ашық дереккөзден 27.09.2022 05:35 1175

Астана соты Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты үкім шығарды. Мемлекеттік мекеме оның Қаңтар оқиғасына қатысы бар-жоғына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды EL.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

26 қыркүйекте Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты Қайрат Сатыбалдыұлын "Көлік сервис орталығы" АҚ мүлкін жымқыру және "Қазақтелеком" АҚ-на мүліктік залал келтіру дерегі бойынша алты жылға бас бостандығынан айырды.

Кейбір БАҚ мәліметінше, Сатыбалдыұлының Қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы болуы мүмкін. Алайда оған тергеудің бұл бөлігі бойынша ешқандай айып тағылған жоқ, - деп түсіндірді баспасөз қызметі өкілдері. 

Сот өз шешімін былай түсіндірді:

  • жеңілдететін мән-жайлардың болуы;
  • ауырлататын мән-жайлардың болмауы;
  • қылмыстық құқықбұзушылықтарды ашудағы белсенді ролі;
  • кінәсін мойындау;
  • залалды өтеу;

Сатыбалдыұлының белсенді ролі және қалған қатысушылардың қылмыстарды ашудағы қосалқы ролі.

Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сот үкімі шығып, ол алты жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға