Жаңалықтар

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті
22.01.2020 12:05 4467

Елорда төрінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесе отырып «Донор күні» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараны өткізуде гі басты мақсат – донорлықты дәріптеу, қан мен оның компоненттерінің санын арттыру, қайырымдылыққа ат салысу.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

«Достық үйінде қан тапсыру үшін өте қолайлы және ыңғайлы жағдай ұйымдастырылған. Мен 2008 жылдан бастап донор атанып, бүгін 18-ші рет қан тапсырудамын. Бұл акция жөнінде 2 күн бұрын білгеннен кейін, май, өткір және ысталған тағамнан бас тарттым. Дәрігермен кеңес жүргізілді, дене температурам, қан қысымым өлшенді», - дейді өзбек этномәдени орталығының мүшесі Гуламжан Жуманов.

Белгіленген уақытқа дейін шамамен 40 адам келіп, 25 адам донор атанды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Осындай шара Алматыдағы республикалық Достық үйінің қабырғасында да өтті.

Іс-шараға қатысушы Алматы қалалық ҚХА мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Жаңғыру жолы» РМҚ Алматы қалалық филиалы, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының, «Жас Отан» жастар қанаты, жастар ұйымы G-39, «Еріктілер лигасы» ҚҚ өкілдері еріктілердің мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымдардың құрылу тарихын түсіндірді.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Өз сөздерінде әр ұйымның өкілдері Еріктілер жылын өткізу туралы пікірлерімен және ұсыныстарымен бөлісті. Мысалы, «Жас ОТАН» жастар қанатының төрағасы Мәди Ахметов бес масштабты іс-шара өткізуді ұсынды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Өз кезегінде Еріктілер лигасы қорының төрайымы Айсұлу Ерниязова еріктілер қозғалысының құрылу тарихы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

«Жаңғыру Жолы» РМҚК Алматы қалалық филиалының төрағасы Рустам Қайрыев Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілер қозғалысы орталықтарының тұжырымдамасын ұсынды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Талдықорғанда өткен Ашық есік күнінде «DOC.kz» волонтерлық орталығының жетекшісі Лариса Котельникова қазіргі уақытта еріктілер тақырыбы ел үшін, әсіресе жас ұрпақ үшін өзекті екенін жеткізді.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

«Біз әрқайсымыз қоғам игілігі үшін ерікті еңбек қажет екенін жақсы түсінеміз және бүкіл елдің табысты өмір сүру шарттарының бірі еріктілер болып табылады», - деп атап өтті.

Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық келісім, аналар кеңестерінің өкілдері, қоғамдық медиаторлар, білім, мәдениет және спорт қайраткерлері, жастар, жалпы саны 500-ден астам адам облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілер қозғалысына мүшелікте.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Ашық есік аясында Алматы облыстық Ассамблеясы, «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» Заңды тұлғалар бірлестігі және «DOC.kz» Әлеуметтік волонтерлік орталығы» қоғамдық бірлестігі үш жақты Меморандумға қол қойды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Түркістан қаласында өткен Бірыңғай ашық есік күнінде волонтерліктің мақсаты мен міндеті межеленіп, жастар үшін жаңалық болар құнды дүниелер талқыға түсті.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Осы ретте Түркістан облысы «NGL» еріктілер мектебінің негізін қалаушы әрі жетекшісі Айдана Есіркеп өз тәжірибесімен бөлісті. Аталған тақырып шеңберінде облыстық «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Актерлік шеберлік» үйірмесінің көрінісі көпшілік назарына ұсынылды. Сонымен қатар ашық есіктің аясында қолға алынған тренингтерден қатысушылар маңызды ақпаратқа қол жеткізіп, көкейлерінде жүрген сұрақтарын ұсынып, тұшымды жауаптарын алды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Ашық есікке қатысушылар жыл көлемінде атқарылатын жұмыстармен танысты. Шара қорытындысында Ассамблеямен бірлесе жүргізілетін бағыттар айқындалып, жоспарлар нақтыланды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Шымкентте ұйымдастырылған еріктілердің арнайы ашық есік күні шеңберіндегі міндеттер мен еріктілер орталығының мақсаттары жөнінде Шымкент қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының міндетін атқарушы Бағдагүл Байтешова баяндады.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

«Бұл орталық ҚХА еріктілер қызметі мәселелерін ұйымдастыру мен үйлестіруді, әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін азаматтық атсалысудың бірыңғай алаңын құруды көздейді. Арнайы дайындалған тұжырымдамаға сәйкес, волонтерлық қызметтің бірыңғай форматы түзілді. Олар әлеуметтік, білім беру, спорт және медиация салалары бойынша 4 бағытты қамтиды»,- деді спикер.

Қызылорда облысындағы Достық үйінде өткен Ашық есік күнінде «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Асылбек Жұмабаев алдағы мақсатты жұмыстарға тоқталып өтті.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Волонтерлық қозғалыс орталығының басшысы Ильдар Гафуров аталмыш бағыттағы ауқымды жұмыстарға тоқталып, қосымшалар құру туралы ұсынысын білдірді. Қосымша құру арқылы волонтерлардың жұмысын жеңілдету, көмекке мұқтаж жандармен байланысты оңтайландыру көзделген. Сонымен қатар қосымша жобасына балл қою арқылы волонтерлерді ынталандыру да мақсаты бар.

«Білім» бағыты бойынша облыстық ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Александр Абанин тұщымды ойларын ортаға салды. Ол мектеп жасынан бастап волонтерлік дамуын қолдау және колледж, университетте оқып жүріп волонтерлікпен айналысатын жастарға қолдау білдіру ұсынысын ортаға салды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Волонтерліктің ең негізгі бағыты - әлеуметтік сала. Волонтерлік жұмыстарын үйлестіруге бағытталған «Бірлік» жобасы бойынша «Жомарт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Майя Наримова масылдық пен мұқтаждық арасын ажырата отырып, жұмыс жасау керектігін атап өтті. Сонымен бірге өз дәстүрімізді жаңғырта отырып, ортақ мақсатқа мүдделі жақтарды бірлестіріп, шынайы мұқтаж жандарға көмек беру бағытында волонтерлік жұмысты жандандыруды ұсынды.

Ал, облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Күләй Ермағамбетова жастар тарапынан қарт кісілерге деген қарасу жұмыстары волонтер жылында жанданса деген тілегін ортаға салды. Сол арқылы жастардың бойында ізеттілік сезімдерін ояту көзделген.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

«Ел Арай» қайырымдылық қорының директоры Асхат Байдәулет бірнеше жылдан бері волонтер. «Еріктілік – ерлікпен пара пар. Біздің қор өткен жылы біршама жұмыстар атқарды. Шет жақтағы көгілдір отынсыз отырған үйлерге газ орнатып берді. Одан бөлек, жетім балалар мен қиын отбасылардан шыққан, мүмкіндігі шектеулі балалардың ой-өрісін арттыратын, әртүрлі жаттығуларды үйрететін спорттық, ойын-сауық шаралары, танымдық саяхаттар ұйымдастырылды. Алдағы мақсатымыз - мұқтаж отбасыларға қол көмегін көрсетіп, үй-үйлерді аралап, қораларына тал егіп, үй шаруашылығындағы жұмыстарына көмектесу», - деді спикер.

Атырауда өткен бірыңғай ашық есік күнінде «Татулық» этномәдени бірлестігінің төрағасы Гүлсина Байкенова қазақстандық жастардың бірігуімен жасалатын жұмыстарға баршамыз қолдау танытуымыз қажет деді. Сондай-ақ, шығармашыл адам ретінде жастарға әлеуметтік жобаларды іске асыруда жан-жақты қолдау білдіруге әзір екендіктерін жеткізді.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Атырау облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан биылғы Волонтерлер жылында жастар өзекті мәселелердің шешімін табуға ұмтылуы керек, бұл жылдың өзі былтырғы Жастар жылының жалғасы іспеттес. Сондықтан біздер бір жыл ғана емес, ерікті түрінде де қоғамға қызмет ете беруіміз қажет деді.

Ақтөбеде өткен еріктілер қозғалысы орталығының ашылуына арналған шарада кәсіби медиатор Светлана Балпейісова, «Жүректен жүрекке» волонтерлық қозғалысының лидері Әлішер Садық, Ақтөбе облысындағы Волонтерлер қозғалысының лидері Айбек Наженов пен Ақтөбе облысының «Leader-Q» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ромат Мукашев сөз сөйлеп, 4 бағыт бойынша жастарға түсіндіру жүргізіп, өз ойларын ортаға салды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Басқосуда облыстық ҚХА жанынан Еріктілер Кеңесін құру және ҚХА-ның Волонтерлері қозғалысы орталығының жұмыстарын облыстың барлық аудандарында ақпараттық түсіндірме негізінде Акциялар өткізу жоспарға қойылды.

Осы күні 100-ден астам облыс тұрғыны өз еркімен Қазақстан халқы ассамблеясының Еріктілері қозғалысы орталығына кіруге өтініштерін білдірді.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Ал Қарағандыда волонтерлік қызметтің Тұжырымдамасын таныстыру, міндеттерін түсіндіру мақсатында «Литуаника» этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Тварионастың, Аналар кеңесінің төрайымы Жанар Кенжегалиеваның, білім, жастар ісі саясаты, денсаулық пен спорт, әлеуметтік қорғау басқармаларының, этномәдени орталықтардың, «Жаңғыру жолы» өңірлік штабы өкілдерінің қатысуымен бірыңғай Ашық есік күні өтті.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы Ерлан Құсайын «Бүгінгі күні біздің аймағымызда барлығы 89 еріктілер қозғалысы жұмыс істейді. Жаңа жылдағы жарқын бастамалардың көшін бастайтын Волонтер жы­лы­нан күтеріміз көп. Бұл жылға Қарағанды облысының жоспары мен міндеттері жетерлік. «Ерікті» сөзі кейін пайда болған жаңа заманның термині емес. Қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар. Қол ұшын бергеніне алғыс алып, жақсы істің жаршысы болатын жылға Қазақстан халқы Ассамблеясының арнайы тұжырымдамасы бар. Әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақтастық, өзара көмек және қоғамдағы қайырымдылық сезімдерін қалыптастыра отырып тәрбиелеу мақсатында «Бірлік», «Білім», «Тәрбие», «Келісім» сынды бағыттардағы салмақты жұмыстар тұр»,- деді спикер.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Атап өтейік, осындай шаралар Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының Достық үйлерінде де өтті.

Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының коворкинг-орталығында өткен еріктілер қозғалысы орталығының Бірыңғай ашық есік күнінде еріктіліктің төрт бағыты егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Ең ірі бағыттарының бірі – «Бірлік» әлеуметтік еріктілігі. Осы бағыт бойынша жұмыс барысында халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету бойынша әлеуметтік-маңызды жобаларды іске асыру, Қазақстан Республикасының табиғи және тарихи мұрасын сақтау бойынша тарихи-экологиялық акциялар ұйымдастыру жоспарлануда. Бағыт жетекшісі М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, «Радзіма» облыстық белорус мәдени орталығының белсенді мүшесі Юлия Сысоева болды.

«Білім» білім беру еріктілігіне Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің студенті Лаура Касенова жетекшілік етеін болады, ол алдағы жобалар – тіл курстарын жүргізу, Достық үйі жанынан білім беру орталықтарын құру туралы айтып берді.

«Тәрбие» спорттық еріктілігі шеңберінде халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды елдің спорттық өміріне тарту, сондай-ақ дене шынықтыру мен жалпы бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің студенті Екатерина Коклемина осы бағыттың жетекшісі болып таңдалды.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Еріктілік қозғалыс орталығының ерекше тобы медиатор-еріктілер болып табылады. Олардың жұмысы сотқа дейінгі тәртіппен проблемалық мәселелерді шешу бойынша халыққа консультациялық көмек көрсету болып табылады. Осы бағыттың жетекшісі Алина Кащеева жоспарланған жұмыс туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

СҚО ҚХА еріктілік қозғалысы орталығының жетекшісі Роман Хохлов барлық ниет білдірушілерді клуб жұмысына белсенді қатысуға шақырды. Өйткені бүгінгі таңда еріктілер қозғалысы азаматтық қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды элементі болып табылады. Еріктілік қозғалыс орталығының үйлестірушісі ретінде Роман бағыттардың басшыларына еріктілердің куәлігін, сондай-ақ айрықша белгілерді табыс етті.

Сонымен қатар кездесуге өз қатарларына бастамашыл және белсенді азаматтарды жинай отырып, еріктілікпен айналысатын тәжірибелі еріктілер де қатысты. Олар – 2007 жылғы еріктілер клубының негізін қалаушысы Елена Скакунова, «Саланг» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Александр Азегов, «Поиск» еріктілер жасағының жетекшісі Евгений Соловьев, ерікті медиктердің көшбасшысы Рустем Арманов, марафоншы, паралимпиадалық чемпионы Евгений Тетюхин.

Олардың әрқайсысының тәжірибесі бірегей. Мысалы, Александр Азегов еріктілер қызметімен 33 жылдан бері айналысып келеді. Ол өз қатарына жас қыздар мен жігіттерді тарта отырып, Ұлы Отан соғысы кезінде шайқас болған жерлерге барады. Клуб мүшелері әскери экспонаттар ұсынылған мұражайлар ұйымдастырды.

Ал «Поиск» отрядында оның жұмыс мерзіміне қарамастан 256 адам бар. Балалар тұрақты негізде іздестіру жұмысына қатысады, полиция органдарымен, мемлекеттік және үкіметтік емес мекемелермен ынтымақтасады. Бұл жасақтың ең жас еріктісі 6 жаста. Ол анасымен бірге бағдарларды жабыстыруға көмектеседі.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Іс-шараның қонағы АҚШ еріктілер қозғалысының өкілі Ави Тепфер бірнеше жыл бойы аймақ өкілдерін ағылшын тіліне оқытуға қатысып, түрлі қалаларда болып қайтты.

Кездесуге Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Фанис Литфуллин қатысты. Ол әртүрлі салалардағы ардагерлердің көмегін ұсынды. Осылайша, олар біздің жас еріктілер үшін тәлімгер бола алады. Өйткені ақсақалдар кеңесі әрдайым жоғары бағаланады.

2020 жыл өте қызықты әрі мазмұнды іс-шараларға, жобаларға толы болмақ. Осылайша, жастарды еріктілік қызметпен айналысуға ынталандыру мақсатында 2020 жылдың ақпан айынан бастап еріктілердің үш бағыты: өздігінен білім алу, қоршаған адамдарға көмек көрсету және кең ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру бойынша дамуын болжайтын «3d-еріктілер» жобасы басталады.

Сонымен қатар, еріктілердің өміріндегі нағыз оқиға – Халықаралық еріктілер слеті болады, оған тек Солтүстік Қазақстан облысының ғана емес, сонымен қатар еліміздің басқа өңірлерінен, сондай-ақ Ресей Федерациясынан еріктілер қатысады деп күтілуде. Бұл әр елден келген еріктілердің тәжірибесімен алмасу үшін тиімді диалог алаңы болады.

Көкшетаудағы Достық үйінде бірыңғай ашық есік күні аясында облыстық мәслихаттың депутаты, Чуваш этномәдени орталығының төрайымы Е. Мащинская құттықтау сөз сөйледі.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Өз кезегінде «Қоғамдық келесім» КММ жауапты қызметкері Д. Какпенова еріктіліктің басты қағидаларының бірі әркімнің өз қалауы болып табылатынын атап өтті. Еріктілік қызметтің бағытына қарамастан, әрбір адам орталықта жазбаша немесе онлайн сауалнама арқылы тіркеле алады.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

«Видергебурт» Ақмола облыстық немістер қоғамы» ҚБ жастар клубының жетекшісі Н. Бильман, «Жас Отан» жастар қанатының жетекшісі С. Бекешев Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын қолдап, Еріктілік қызметті ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті.

ҚХА еріктілер қозғалысы орталығының құрамына 92 қатысушы мүшелікке кірді.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Таразда өткен шарада орталық міндеті мен тұжырымдамасы таныстырылды. Модераторлық еткен Рано Махсудқызы «Өзекті міндет – азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыру. Бұл азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі біздің жұмысымыздың маңызды бөлігі» -деа атп өтті.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Жалпы ҚХА еріктілер қозғалысы бірнеше бағыттар бойынша жұмыс атқаратын болады. Орталықтың бағыттары мен жұмысын үйлестіруші «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігі жастар қанатының және «Ақ желкен» жастар лигасының төрағасы, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесі мүшесі Зайнуддин Махусеев Тұжырымдамада көрсетілген тұщымды мәселелер төңірегінде тарқата айтты.

«Орталық басшысы «Бүгінгі таңда волонтерлік қозғалыс азаматтық қоғамның әлеуметтік жауапкершілігінің элементі болып табылады. Достық үйлері негізінде волонтерлік қозғалыс орталықтарын ашу – «Social Assembly» республикалық жастар форумында ҚХА «Жаңғыру жолы» белсенділері көтерген бастамалардың бірі болып табылады. Мұндай орталық Әлеуметтік бастамалар мен жобаларды іске асыру үшін бірыңғай алаң болады», -деді спикер.

Әлеуметтік бағыт бойынша «Жаңғыру жолы» ЖҚ орынбасары Хабиб Алиев «Халықтың қорғалмаған топтарына көмек көрсетуді ұйымдастыру, табиғи және тарихи мұраны сақтау бойынша тарихи-экологиялық іс-шаралар өткізу» туралы өз ойымен бөлісіп, жоспарларымен таныстырды.

Білім беру бағыты бойынша ТарМУ-дың «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі Фарида Мамедова «Мектеп оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жүйесін дамыту, тәлімгерлік және тәрбиелеу институтын құру жоспарланып жатқанын» тілге тиек етті.

Спорттық бағыт бойынша өңірлік «Жаңғыру жолы» ЖҚ орынбасары Артур Лигостаев спортшылар мен жаттықтырушыларды бір қауымдастыққа біріктіріп, спорт түрлері бойынша шеберлік сыныптарын өткізуге балалар үйлері мен ауылдық мектептерге баруды жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Медиация бағыты бойынша кәсіби медиатор И. Федорова «Медиатор еріктілері-денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласындағы коммерциялық, корпоративтік, отбасылық, еңбек даулары мен дауларды реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар алдын алудың жаңа құралы. Медиатор еріктілері топта жұмыс істей алады, жанжалды жағдайларды талдай алады және жанжалдарды шешу стилін орнатады» - деп атап өтті.

Аймақтардағы Достық үйлерінде Еріктілер жылына орайластырылған Бірыңғай ашық есік күні өтті

Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысы Арайлым Абдуалиева «Қамқор» жобасының еріктілер жылында да жалғасатынын атап көрсетті.

ТарМУ ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі Арнат Ұлтанбеков облыстағы ерікті жастардың базасын қалыптастыру туралы ұсыныс білдірсе, «Ақ сұңқар» еріктілер қозғалысының төрағасы Еркін Әбдиев еріктілерді дұрыс бағыттайтын білікті координаторлар керектігін және еріктілер көзделген жерге жету үшін қалалық қоғамдық көліктерде жүру мәселелерін көтерді. Себебі еріктілердің басым көпшілігі студент жастар болғандықтан олардың межелі орынға жеткенше қоғамдық көліктердің тоқтап қалатыны сөз болды. Ал, медиатор Нұрлыгүл Амирова жас отбасылардың ажырасу санын кемітіп, отбасын сақтап қалу үшін кез-келген уақытта медиаторлар көмегіне жүгіну керектігін, әрі заң жүзінде шешуге болатындығын айтты.

ҚХА волонтерлік қозғалысының қызметін ұйымдастырудың және үйлестірудің бірыңғай тетігін әзірлеу, волонтерлер институтын дамыту, әлеуметтік міндеттерді шешуге азаматтық атсалысу дағдыларына баулу, ҚХА волонтерлер қозғалысының көшбасшыларын анықтау, халық арасында әлеуметтік қызмет пен азаматтық атсалысудың идеялары мен принциптерін тарату үшін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы аймақтағы басқармалар, ЖОО және еріктілер қозғалысы орталықтарымен ортақ келісімге келуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Достық үйінде ТарМУ-дің оқытушылары еріктілерді оқытудың түрлі курстарын өткізуді қолға алмақ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға