Жаңалықтар

Аймақтарда татар халқының «Сабантой» мейрамын атап өту одан әрі жалғасуда

Аймақтарда татар халқының «Сабантой» мейрамын атап өту одан әрі жалғасуда
18.06.2019 11:09 5532

Қызылорда облыстық татар этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен Достық үйінің аланыңда Сабантой мерекесі өтті.

MW6A8405.JPG

Мерекелік кешті құттықтау сөзбен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келесім» КММ-нің директоры Уалихан Ибраев ашты:

«Шын мәнінде Қазақстанда Сабантой бүкіл халықтық мереке болып саналады. Бұл тамаша мереке тек татар ғана емес бір шаңырақ астында тұратын барлық этнос өкілдерін біріктіреді».

MW6A8602.JPG

У. Ибраев одан кейін Сабантойдың дәстүрлі құмыра сындыру рәсімін өткізді.

Іс-шарада татар этносының ұлттық тағамдары мен тұрмыстық заттарының көрме-жәрмеңкесі, кітап көрмесі, фотосуреттер ұсынылды.

Сабантой мерекесіне келген қала тұрғындары концерттік бағдарламаларды тамашалап, мерекелік ойындарға қатысты. Татар этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымдары көңілді ән мен билер орындады.

MW6A8382.JPG

Мерекеде Татарстаннан келген әнші Болат Зиганшин өнер көрсетті. Сондай-ақ, ол Татарстанның Президенті Р. Миннихановтың  жолдаған құттықтау хатын оқыды.

Мерекелік бағдарламаға сәйкес әр түрлі ұлттық және спорттық ойындардан: татарша күрес, гир көтеру, армрестлинг, бөренеде жастықтармен күресу, қаппен жүгіру және т.б. жарыстар өткізілді.

MW6A8526.JPG

Оның қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ал Көкшетаудағы Бұқпа тауының етегінде орналасқан «Динамо» СК аумағы таңертеңнен бері адамға толы болды. Осы күні Қазақстан халқы Ақмола облыстық ассамблеясының қолдауымен татар және башқұрт бірлестігі жыл сайынғы Сабантой мейрамын тойлап жатты.

DSC_0348.JPG

Мерекелік концерттік бағдарламаға Татарстаннан келген қонақтар, «Достар» Мәдениет сарайының ұжымдары, Петропавл қаласының «Ляйсан» жастар ансамблі қатысты.

Сабантой – еңбек, денсаулық, күш пен алғырлық мейрамы. Оның өзіндік салты, жөн-жоралғысы бар. Сабантой кезіндегі көпшілік серуен түрлі спорттық сайысты, сан алуан ән мен биді қамтиды.

«Ғалиябану» халықтық вокал ансамблі орындауындағы жалынды әндерден ешкім шетте қалмады. Татар-башқұрт орталығы және Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің би ұжымдары сыйлаған көңіл-күй әрқайсысына ерекше әсер сыйлады.

Татарша көреште жеңімпаз атанған Константин Штефановқа облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының төрағасы атынан басты сый – ноутбук, сонымен бірге диплом мен сайысқа тігілген тірі қой табысталды.   

DSC_0014.JPG

Әрбір қатысушы мерекеде өзіне жақын іспен айналыса алды. Қол күресу, гір көтеру спортында сайысып, ең жанкештілері төбеден ұнаған сыйлықты алу үшін биік бағанаға өрмелеп шығып жатты. Кішкентайларға арналған сайыстар да көп болды.


 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға