«Айка тізімі» бойынша іс тергеліп жатыр – Антикор
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ
10.04.2024 18:33
2381
Антикор «Айка тізімі» бойынша істі тергеп жатқанын растады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Астанада өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров айтты.
Қылмыстық іс Астана қаласы бойынша департаментте тергеліп жатқанын растаймыз. Қазіргі уақытта осы іс бойынша барлық факт тексеріліп жатыр. Тергеу қорытындысынан міндетті түрде хабардар етеміз, - деп сендірді Биғайдаров.
Еске салайық, желтоқсан айында интернетте қазақстандық эскорт қыздардың клиенттерінің жеке деректері көрсетілген «Айка тізімі» жарияланған еді. Көп ұзамай ІІМ бұл тізімнің тарап кетуіне байланысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға