Жаңалықтар

Айгүл Иманбаева әкесінің жетісіне үлгерді

Айгүл Иманбаева әкесінің жетісіне үлгерді
Фото: instagram.com/aigul_imanbayeva 18.08.2023 11:30 9835

Белгілі әнші, көктемде «Болашақ»бағдарламасымен Ұлыбританияға оқуға түскен Айгүл Иманбаеваның әкесінің жерлеу рәсіміне үлгере алмаған еді. Дегенмен, жетісіне қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Иманбаева Лондоннан таңертең ұшып келіп, әкеснің жетілігін өткізіп жатыр. Роза апай жұбату сөзін айтып, көңілді босатты, - деп жазды радиожүргізуші Гүлмира Нәлібай.

Айгүл Иманбаеваның әкесі Серікқұл Сибғатұлы  73 жасында көз жұмған болатын. Лондонда оқып жүрген қызы жерлеу рәсіне қатыса алмаған еді.

Бұған дейін Айгүл Иманбаева «Ең алғашқы» бағдарламасында әкесіне қатысты ешкім білмейтін сырларын ашқан болатын.

Өнер иесі 5 жасында ата-анасы ажырасып кеткеннен кейін әкесін қайта қабылдау, кешіру қиын болғандығын жеткізген еді.

Әншінің әкесінің қайтыс болғанын жазғанбыз.

Оның алдында Айгүл Иманбаеваның Англияға барып балалы болуды қалайтынын жазғанбыз. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға