Жаңалықтар

Әйгілі сериалдың актерлері қазақстандықтарға ескерту жасады

Әйгілі сериалдың актерлері қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: El.kz 28.05.2023 23:48 756

«Жездуха» сериалының актерлері қазақстандықтарды алаяқтарға алданып қалмауға шақырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әйгілі отандық сериалдың әртістері қысқаметражды фильмге түскен.  

Фильм Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы полицейлерінің ұйымдастыруымен алаяқтық қылмысының алдын алу мақсатында түсірілген. Түсірілімге танымал «Миллион» командасы қатысты.

«Жездуха», «Әпше» секілді сериалдар арқылы танылған жас жігіттер айла-амалдың бірнеше түрін өмірдегі мысалдармен жеткізген. Сондай-ақ олар қаскүнемдердің арбауына түспеуге шақырды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға