Әйгілі боксшы Майк Тайсон Джейк Полдан жеңіліп қалды

Фото: BBC
Фото: BBC
16.11.2024 12:21
692
Әйгілі бокс жекпе-жегі 16 қарашаға қараған түні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аты аңызға айналған боксшы Майк Тайсон мен танымал видеоблогер Джейк Полдың арасындағы жекпе-жек кештің басты оқиғасы болды.
Кездесу толығымен 8 раундқа созылып, Джейк Пол төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Ұпайлар былай бөлінді: 80-72, 79-73, 79-73.
Айта кетейік, 58 жастағы Тайсонның кәсіби мансабында 50 жеңісі мен 7 жеңілісі бар. Ал 27 жастағы Джейк Пол 12 жекпе-жектің 11-інде жеңіске жеткен.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Қызылорда облысында жол жабылды