Әйгерім Cарыбай семсерлесуден олимпиада квотасын иеленді

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz
28.04.2024 21:31
771
Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өтіп жатқан семсерлесуден іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы олимпиада квотасын еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Саблямен семсерлесуден Әйгерім Сарыбай сәтті өнер көрсетті.
Ол финалда гонконгтық спортшыны 15:13 есебімен жеңді. Нәтижесінде, ол 2024 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеуден өтті.
Айта кетелік, аталған сында тек жеңіске жеткен спортшылар ғана олимпиадалық квота иегері атанады.
Бұған дейін шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алған болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Абай облысындағы өрт сөндірілді
Келесі жаңалық
Алматы облысында Наурыз қалай атап өтіледі