Әйелін өлтірген Бишімбаевты қамауға алу мерзімі белгілі болды

Салтанат Нүкенованы өлтірген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экс-шенеунік Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, - делінген Астана қалалық соты ақпаратында.
Оған Қылмыстық кодекстің "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.
Оқи отырыңыз:
- Шымкентте Әділет органының капитаны пара орнына тамақ алғызып отырған
- «11 жасымда пошташы болдым». Төлеген Мұхамеджанов музыкаға қалай қадам басқанын айтты
Айта кетейік, 11 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қуандық Бишімбаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Экс-министр 9 қараша күні Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы ақпарат тараған еді. Кейін жедел жәрдем келген оның әйелі оқиға орнында қайтыс болғаны белгілі болды.
